Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
Жоспар
1 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні 3
1.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері 3
1.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері 5
1.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті 7
Әдебиеттер 10
1 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
1.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл белгілі бір тарихи жағдайлармен шарттасылған, қажетті ұйымдастырушылық және насихаттаушы күштермен, қаржы ресурстармен бекітілген, белгілі бір кезеңдік әлеуметтік нәтижелерге арналған, белгілі бір мақсаттарды көздейтін мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері – бұл әлеуметтік топтың азаматтары, әлеуметтік сферада белсенді өзара әрекеттесетін, яғни бұл саладағы әлеуметтік топтар азаматтарының мүдделерін білдіретін институттар, ұйымдар және билік органдары.
Әлеуметтік саясатының стратегиясы дамудың берілген нақты тарихи кезеңінде елдің әлеуметтік мәселелер жүйесін шешу.
Әлеуметтік саясаттың басым бағыттары - әлеуметтік саясаттың бірініш кезектегі міндеттері ретінде көрсетілген ең маңызды мәселелерін шешу. Басымдықтар маңызды әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелердің нақты байланысы мен шиеленісінің құрамына байланысты болады.
Әлеуметтік қорғау – бұл өмірлік қажеттіліктегі игіліктерді тұтынуға мүмкіндік беретін және белгілі бір себептерге байланысты (қарттылық, денсаулық жағдайы, жұмыстан айырылу және т.б.) экономикалық белсенді бола алмайтын және өз-өзін табыс табу арқылы қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың әл-ауқатының белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Әлеуметтік қорғау жүйесіне келесі шаралар кешені кіреді:
1.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігі халықтың өмір сүру деңгейінің сапасында көрінеді. Өмір сүру деңгейі – бұл қалыптасқан қажеттіліктерден шығатын тұрғындардың материалдық және рухани игіліктермен қамсыздандырылудың деңгейі. Мұнда қажеттіліктер белсенді сипатта болады, олардың өсуі өмір сүру деңгейін туындатады.
Өмір сүру деңгейін бағалау үшін жан басына шаққандағы тамақтанудың негізгі өнімдерін тұтыну, халықтың өндірістік тауарлармен қамсыздануы, тұтыну құрылымы, еркін және жұмыс уақытының ұзақтығы, табыстардың деңгейі және т.б. сандық көрсеткіштер пайдаланылады.
Айналымдағы көрсеткіштерге тұтынылатын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемі, халықты табыстар мен адам өмірінің жеке жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бөлу жатады.
Өмір сүру деңгейінің нақты көрініс алу үшін нақты мәліметтермен салыстыруға болатын белгілі стандарт қажет. Мұндай стандарт болып «тұтынушылық қоржын» табылады. Оның құрамына қажеттіліктердің анықталған бөлігін қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтердің жиыны кіреді.
Тұтынудың минималды деңгейін қамтамасыз ететін «минималды тұтынушылық қоржынды» және тұтынудың қолайлы ғылыми негізделген құрылымын сипаттайтын «ұтымды тұтынушылық қоржынды» ажыратады. «Минималды тұтынушылық қоржын» белглі бір әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өмір сүру минимумын анықтау негізінде жатады.
Өмір сүру минимумы – бұл минималды қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақшалай табыстың мөлшері. Минималды өмір сүру деңгейінен адамның физиологиялық өмір сүруі үшін қажетті физиологиялық өмір сүру минимумын ажырату жөн.
1.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
Басқарудың әкімшіл - әміршіл жүйесінің жағдайында барлық аймақтардың экономикасы жергілікті, республикалық, салааралық органдармен басқарылады, ал экономиканы бірыңғай басқару болған жоқ.
Үрдістің түрлендірілуі мен шаруашылықтың жаңа шарттарына байланысты нарықтық қатынасты аймақтың ерекшеліктерімен байланысты құру қосымша мәселелерді туындатты. Бұл дамудың осы кезеңіне негізделген аймақтық мемлекеттік саясаты жүзеге асыруды және әзірлеуді қажет етеді.
Мұндай аймақтық саясатты құру келесі талаптардан шығу керек:
Әдебиеттер
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002
5. Мәдешев Н. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Э, 1990