Өнер философиясы
Жоспары
1 Өнер философиясы 3
1.1 Қолданбалы өнер 14
1.2 Сәулет өнері (архитектура) 14
1.3 Кескіндеу өнері (живопись) 15
1.4 Мүсін өнері (скульптура) 16
1.5 Әдебиет 16
1.6 Театр 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
1 Өнер философиясы
Эстетикалық мәдениет - өзінің көпқабаттылығы мен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілемелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.
1.1 Қолданбалы өнер
Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі - қолданбалы өнер (қолөнер). Ол сұлулық заңдарына сәйкес жасанған тұрмыс жабдықтарында іске асады. Бұл тек пайдалы заттар ғана емес, оның қолданылуын білдіретін көркемдік бейнесі (образы) бар әдемі заттар болып та есептеледі. Бізді қоршаған заттар, біздің тұрмысымызды, күнделікті өмірлік қажеттіліктерімізді өтейтін заттар өнер шыңына дейін көтерілуі мүмкін.
1.2 Сәулет өнері (архитектура)
Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріне айналды. Архитектура (грекше агсһііекіоп - құрылысшы) - адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлулық заңы бойынша қалыптасуы.
1.3 Кескіндеу өнері (живопись)
Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастанақ тән. Алғашқы қауымдық адамның жартасқа салған суреттері осыны дәлелдейді. «Кескіндеу өнерін өз ерекшелігінде ұғыну үшін, біз оның ең маңызды элементі - түсті назарға алуымыз керек. Ол түсті жазу немесе жазу мен түстің синтезі болып табылады. Кескіндеудің толық анықтамасын алу үшін түс пен жазуға сызық желілерін (линияны) қосуымыз керек: кескіндеме - сызық-желілі түсті жазу.
1.4 Мүсін өнері (скульптура)
Мүсін өнері - құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, материалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік-бейнелеуші өнер. Мүсіндік туындыларды мәрмәр, гранит және басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен сомдайды.
1.5 Әдебиет
Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және коғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катаклизмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани емірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән. Халық тудырған тіл бүкіл тәжірибені өзіне жинақтайды және ойлау формасына айналады.
1.6 Театр
Театр - әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі - драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін (декорация), кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы» - тірі адам, актер.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бекбосынова Ж.Б. Принципы герменевтики. - М., 1995.
2. Бердяев Н.А. Сочинения. В 2 т. - М., 1990.
3. Бодрийяр Ж. Система вещей. - М., 1995.
4. Бубер М. Два образа веры. - М., 1995.
5. Валиханов Ч. Избранные произведения. - М., 1986.
6. Вебер М. Избранное. Образ общества. - М., 1994.
7. Виндельбанд В. Избранное: Дух и история. - М., 1995.
8. Витгенштейн. Л. Философские работы. В 2 т. - М., 1994.