Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 58 стр.

Полный просмотр работы

Инфляция

Жоспар
Кіріспе 3
І. Инфляцияның теориялық аспектілері 6
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 6
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары 10
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары 18
ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері 24
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері 24
2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның даму қарқынын талдау 26
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау 31
ІІІ. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары 37
3.1 ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары 37
3.2 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары 42
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 50
Қорытынды 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.
Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда..
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

І. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау
Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

ІІІ. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары
Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.

3.2 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы болады:

Қорытынды
Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;
- Инфляция түрлері мен факторлары;
- Инфляция әлеуметтік - экономикалық салдарлары.
Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы – 2001.
4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
Алматы «Экономика»-2000ж
6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
7. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
11. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат -1996ж
12. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
13. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
14. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
15. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
16. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
17. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
18. «Банки Казахстана» №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
19. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
20. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
21. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
22. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
23. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.