Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономиканы қалпына келтіру саясаты

Елдегі қоғамның дамуы мен нарықтық экономиканы жүзеге асыру саясаты соңғы жиырма жылда бірнеше кезеңнен өтті. Мемлекеттік қамқоршылдықтың бұрынғы қалыптасқан жүйесін неғұрлым тезірек қиратып, мемлекеттік меншіктен жекешілдікке, масылдық пен бәрін де «жоғары жақ» шешеді деп күтушіліктен жауаптылық пен іскерлікке қарай жедел көшудің қажеттігі айқын болды.
Сонымен қатар, Қазақстанда бұрын - соңды бұған ұқсас іс - шаралар жүргізілмегенін де есепке алу керек болды. Бәрі де бірінші рет, бәрі де жаңадан іске асырылып жатты. Өмірдің нарыққа қарай күрт бет бұруын алғашында түсінбей, сенімсіздікпен қабылдағанына адамдар кінәлі емес еді. Сондықтан оларды қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға неғұрлым көбірек тартып, жаңалыққа қарсы пиғылдарын өзгерту өте маңызды іс болды.
1991 жылдың 22 маусымында «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Осыған сәйкес мемлекеттік органдар кәсіпорын ұжымынан тек тиісті өтініш келіп түскеннен кейін ғана шешім қабылдайтын болғандықтан, мұндай саясат ынталы жекешелендіру деген сипат алды. Тек сонда барып аукциондар, конкурстар өткізілді немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды еңбек ұжымына тегін беру жүзеге асырылды.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі кезде ақша құнсыздануының ерекше қарқын алуы және тұрғындарда қаржының болмауы ескеріле келіп, Қазақстанда бүкіл тұрғындардың бірі қалмастан тұрғын үйлерді жекешелендіруге қатысу үшін төлем құралы ретінде оларға тұрғын үйді жекешелендіру купондары тегін ұсынылды.
Бір купонның құны сол кездегі рубльге пара - пар болды. Берілген купондардың саны еңбек стажымен айқындалды, ал біреудің асырауындағы адамдарға екі мыңнан купон таратып берілді. Бағдарлама тұрғындардың ынтасын арттырып қана қоймай, жекешелендіру үрдісінде бұрынғы мемлекеттік мүлікті еліміздің белсенді тұрғындары арасында әділдікпен бөлуге болатынына халықтың үмітін оятты. Купондарға пәтер сатып алудың қарапайым тетігі қысқа мерзімде тұрғын үй нарығын қалыптастырып, халықтың белсендігін және нарықтық қатынастарды дамытудың басқа да шарттарын қамтамасыз етті. Әрі қарай тұрғын үй купондары шағын жекешелендіру нысандары мен ауыл шаруашылығы нысандарын сатып алу кезінде қолданылды. Жекешелендірудің бірінші кезеңі көбінесе жалдамалы және ұжымдық кәсіпорындардың құрылуымен, сондай - ақ коммуналдық нысандардың аукциондарда сатылуымен сипатталады. Соның өзінде еңбек ұжымдарына ерекше жеңілдіктер ұсынылды.

Біріншіден, Қордың жұмысы коммуналды меншікті басқаруға, кәсіпорындарды ұжымдық немесе жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар етіп қайта құруда аралық екі жақты қызмет көрсетуге бағытталған [4;4].
Екіншіден, Қор жасалынған келісімшарттың негізінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелерін шешуде түгелдей дерлік өз жауапкершілігіне алды. Қор келесі мәселелерді іске асырды:

Батыс Қазақстан облысының 1992 жылдың қаңтар - желтоқсан аралығындағы экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды қарастырсақ, облыста жаңа экономикалық қатынастардың орнауы ескі басқарудың күйреуімен және материалдық - техникалық қамтамасыз етумен қатар жүрді. Қалыптасқан шаруашылы қаралық экономикалық байланыстардың үзілуі 1992 жылы облыстағы шаруашылықтың барлық салаларында өндіріс көлемінің төмендеуіне алып келді. Құрылыста, транспортта атқарылған жұмыс көлемі төмендеді. Еңбек нарығында жағдай ушықты. Азық - түлікті сатып алушылық кеміді, ақша миссиясы өсті. Халықтың өмір сүру ұзақтығы төмендеді [2;4].