Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері


Жоспары
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі 5
1.1 Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі 5
1.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні 7
2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері 12
2.1 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы 12
2.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары 16
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол - құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты - Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі, пәні, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.

1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі
1.1 Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен «құқықтық реттеу» түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы «ауқымдалып» айқындалады.

1.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу бұл - мемлекеттік органдарды ұйымдастыруда және олардың қызмет ету ережелерін бекітудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Оның пәні ерекше, себебі басқару процесіндегі мемлекеттік биліктің құралы, әдісі және процедурасы юридикалық анықтамасымен байланысты. Мемлекеттік органдардың басқару іс-әрекеттері мен ұйымдық құрылымын, қызметін, мақсатын реттеумен айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің пәні болып саналатын мемлекет пен қоғамдық шындықтың кейбір аспектілерін көрсетуге болады:

2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түп негізі, нысаны, актісі жоғарғы юридикалық күші бар номативті - құқықтық актісі болып Ата-заң (Конститутция) саналады. Конститутция - Қазақстан Республикасында ең басты мемлекеттік заң. Ол еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесінің бейнесін ашатын және қоғамның тұтастығы мен құндылық құрылымын анықтайтын, оның дамуына әсер ететін жалпы негізгі заң - Мемлекеттік басқарудың құқықтық түп негізі.
Одан кейінгі мәртебесі бойынша - заңдар, Қазақстан Республикасының басқарудағы құқықтық реттеудің маңызды нысаны. Ол еліміздің қоғамдық әрекеттердің мәртебелік жағдайы мен юридикалық тәртіппен жүргізілуін анықтаушысы.

2.2 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары
Мемлекеттік басқарудаңы құқықтық реттеу проблемалар жоқ емес. Сол проблемаларды шешу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудегі әкімшілік құқық нормалары экономикалық саласында, әлеуметтік - мәдениеттік құрылыс, әкімшілік - саяси құрылыс саласында мемлекеттік басқаруды әкімшілік құқықтың қазіргі кездегі негізгі проблемаларының қатарына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауына сәйкес және оның жүзеге асыруға бағытталған Президенттің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында» (1) белгіленген маңызды міндеттер жатады.
Олардың ішіндегі маңыздысы – мемлекеттік биліктің түрлі деңгейлерінің арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершіліктерін нақты ажыратуды қамтамасыз ететін заңдарды одан әрі жетілдіріп, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар туғызу мақсат етіп қойылған.

Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекше маңызға ие. Сондықтан оны зерттеу және саралау аса маңызды мәселелердің бірі.
Сонымен, құқықтық реттеу мемлекеттің құқықтық нормаларды шығару әрекеті (уәкілетті органдардың). Осылар арқылы адам жүріс-тұрысының ережелерін, оларды міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді. Бұлар мемлекеттік аппарат пен қоғам мүмкіншілігімен қамтылады. Қоғам өмірінде тәртіптілікті сақтаудағы қоғамдық билік күші – мемлекеттің талабы. Соған қатысты олар әлеуметтік шартталған, негізделген, икемделген, жүйелі түрде ұйымдастырылған және де практикалық түрде қолданыс табу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы , 1995 ж. 30 тамыз
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы , 1999 ж. 23 шілде
3. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Алматы, 2001
5. Егемен Қазақстан // Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заң , 1998 ж. 30 маусым