Жоспарлау әдістерін жетілдіру – мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайдасы мен рентабельділігін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ 6
1.1 Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны 6
1.2 Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорын - дарының өндірістік құрылымы 10
1.2.1 Өндірістік процестерді ұйымдастыру ұстанымдары 15
1.2.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы 17
1.2.3 Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау 23
1.2.4 Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру 23
1.2.5 Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру 25
1.2.6 Жылумен қамту 26
1.2.7 Ұңғымаларды жерасты жөндеу 30
1.2.8 Қабат қысымын ұстау жөніндегі жұмыстар 35
1.2.9 Мұнайды әзірлеу және аудау 36
2 КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ 39
2.1 Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама 39
2.1.1 Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру 44
2.1.2 Пошталық байланыс 46
2.1.3 Ақпараттандыру 48
2.2 Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау 51
3 ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫН МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ 56
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері 56
3.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау 73
ҚОРЫТЫНДЫ 79
КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсіптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критерийі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
1 МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ
1.1 Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаршаулығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді.
1.2 Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорын - дарының өндірістік құрылымы
Әр кәсіпорынның іс-әрекетінің негізін өндірістік процесс құрайды. Кез келген түрдегі өндірістік процесс – бұл өзара байланысқан еңбек процестерінің, техникалық және табиғи процестерінің жиынтығы. Еңбек процесіне еңбек, сондай-ақ оның заты мен құралы жатады. Еңбек процесінің нәтижесіне еңбек өнімі, б.а. адамның еңбек құралдары көмегімен мақсатқа лайықты іс-әрекетінің әсерімен еңбек затының алдын-ала көзделген өзгертілуі.
Технологиялық процесс – бұл еңбек затының сапалы (физикалық-химиялық және механикалық) (түрінің, көлемінің, күйінің, орналасуының, физикалық-химиялық қасиеттерінің, сыртқы пішінінің және т.б.) өзгерістері, олар адамның еңбек затына сол не өзге түрдегі еңбек құралдарын қолданумен әсер етуінен болады. Еңбек заты адамның тікелей қатысуынсыз табиғат күштерінің әсер етуімен, атап айтқанда табиғи процесстер кезінде де өзгеруі мүмкін.
1.2.1 Өндірістік процестерді ұйымдастыру ұстанымдары
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің ең маңызды ұстанымдарына үздіксіздік, ырғақтық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік еңбек заты дайын өнімді өндіру кезінде үздіксіз түрде өңдеуден өткізіліп отыруы тиіс дегенді білдіреді. Ол негізгі қорларды бұрынғысынан да толық пайдалану мен айналымдағы қаражаттардың бұрынғысынан да жылдам айналуына арнап мүмкіндіктер береді.
1.2.2 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісінде еңбек заты ретінде мұнай мен газы бар қат, еңбек құралдары ретінде – пайдалану және тоғыту құрал-жабдығы, еңбек өнімдері ретінде – шикі мұнай мен газ шығады. Мұнай-газ өңдеудің ерекшелігі сол, ондағы еңбек заты – құрамында мұнай мен газ бар қат, табиғаттың өтеусіз сыйлығы. Ол еңбектің нәтижесі болып табылмайды және оның бағасы жоқ, сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсібінде шикізатқа жұмсалатын шығындар жоқ, бұл кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылымына, деңгейі мен жоспарлауға әсерін тигізеді. Келесі бір маңызды мәселе – мұнай өңдеу кәсіпорындарында еңбек заты аймақты түрде бекітілген болып келеді. Осыдан кәсіпорынды жобалау мен өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға арнап орын таңдап алудың жергілікті жағдайларға (өнеркәсіп құрылыстарына, тұрғын үйге, ауа-райы жағдайларына және т.б.) тәуелділігі туындайды.
1.2.3 Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау
Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестің қалыпты жүрісі қосалқы өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл кәсіпорындарда қосалқы процестер сан-алуан түрлі болып келеді және оларға мәні мен өндірістік-шаруашылық бағыты бойынша әртүрлі болып келетін жұмыстар жатады. Бұрғылау мен қазуда қосалқы өндірістің аса маңызды бағыттарына келесілер жатады:
1.2.5 Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
Мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарында энергетика шаруашылығы қосалқы өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар электр және жылу қуатымен аудандық станциялардан, сондай-ақ меншікті электростанциялары мен қазандықтардан қамтамасыз етіліп отыруы мүмкін.
1.2.7 Ұңғымаларды жерасты жөндеу
Шаруашылықтарда ұңғымалардың жерасты жабдықтарының ағымдағы және күрделі жөндеулерін жүргізеді.
Ұңғымаларды ағымдағы жерасты жөндеу жерасты пайдалану жабдығын мұнайды өндіру жоспарын орындауды қамтамасыз ететіндей жұмысқа қабілетті жағдайда ұстауға арналған шаралар кешені болып келеді. Ағымдағы жерасты жөндеу жоспарлы-алдын алу жөндеулерін тәртібімен жүргізіледі. Алайда тәжірибеде ұңғымаларды қалыпты пайдаланудың немесе жоспарлы-алдын алу жөндеу мерзімдерін өткізудің салдарынан болған кез-келген түрдегі бұзушылықтарын жою мақсатында қалпына келтіру жөндеулері де жүргізіледі. Мұндай бұзушылық дебиттердің төмендеуіне немесе мұнайдың берілуінің толық тоқтауына әкеп соқтырады.
Ағымдағы жерасты жөндеулеріне келесілер жатады:
1.2.8 Қабат қысымын ұстау жөніндегі жұмыстар
Мұнай-газ өнеркәсібінде қабат қысымды ұстау жұмыстарын қабат қысымдарды ұстау цехы (ҚҚҰЦ) жүргізеді. Қабат қысымдарды ұстау цехы судың көлемі мен сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылаумен, оны айдаудың берілген мөлшерін қамтамасыз етіп оны сол деңгейде ұстап отырады. Суландыру жөніндегі жұмысты тәулік бойы жедел басқаруды ауысым бастықтары жүргізеді.
2 КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ
2.1 Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты. Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды.
2.1.1 Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру
Есептік кезеңде телекоммуникация қызметтері нарығында ашық және айқын бәсекелестік ортаны қалыптастыруға арналған жағдайларды, ауылды елді-мекендердегі тұрғындардың әмбебап байланыс қызметтеріне кепілдендірілген түрдегі қол жеткізуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялық нарықты ырықтандыру жөніндегі, сондай-ақ жаңа қазіргі замандағы телекоммуникациялық технологияларды ендіру мен отандық спутниктік байланысты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасты.
3 ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫН МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
3.1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері
Жоспарлау дегеніміз – бұл ең алдымен келешекте фирманың тиімді қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі. Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс.
3.3 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау
Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.
Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты.