Аудиттің қорытынды кезеңі және аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс төртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:
Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған «Ереже» талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде «контракт» келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан кесіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.
Әдебиеттер
1. Аудиттің Халықаралық Cтaндapттаp жинағы, Алматы, 2006.
2. Бухгалтерлік есеп Cтандapттapы мен әдiстемелiк ұсынымдары
3. Ержанов М.С. Аудит 1. Базовый учебник Алматы 2005