Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыс құрамы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Қылмыстың субъективтік жағы


Жоспар
1 Қылмыстың субъективтік жағы 3
1.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы 3
1.2 Ниет және оның түрлері 6
1.3 Абайсыздық және оның түрлері 14
1.4 Қылмыстың себебі және мақсаты 19
1.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны 24
1.6 Кателік және оның түрлері 25
Әдебиеттер 29

1 Қылмыстың субъективтік жағы
1.1 Қылмыстың субъективтік жағы ұғымы және оның маңызы
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз - адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның зардабына психикалық қатынасы.
Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективтік жағына қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланыста, олар қандай да бір тұтастық құрайды. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасау арқылы жүргізіледі.
Субъективтік жағына мыналар жатады: кіне, қылмыс жасаудағы себеп және мақсат.

1.2 Ниет және оның түрлері
Ниеттің мазмұны ҚК-тің 20 бабында ашылған: «Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» (ҚК-тің 20 бабының 1 бөлігі).
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екендігін немесе болмай қоймайтыңдығын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 2 бөлігі).
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (ҚК-тің 20 бабының 3 бөлігі).

1.3 Абайсыздық және оның түрлері
ҚК-тің 21 бабының бірінші бөлігіне сәйкес, менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
ҚК-тің 21 бабында абайсызда жасалған кінәнің екі түрі - менмендік және немқұрайдылық көзделген.
ҚК-тің 21 бабының екінші бөлігіне сөйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендіктің интеллектуалдық жағдайы сонда, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі. Интеллектуалдық жағдай бойынша қылмыстық менмендіктің тікелей, әсіресе жанама ниеттің интеллектуалдық жағдайымен біршама ұқсастығы бар. Бұл екі жағдайда да айыпкер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болатынын алдын ала біледі. Бірақ ниеттегі алдын ала білудің сипаты қылмыстық менмендіктегі алдын ала білудің сипатынан елеулі өзгеше.

1.4 Қылмыстың себебі және мақсаты
Қылмыстың субъективтік жағы қылмыс жасаған адамның айыптылығына байланысты мәселемен шектелмейді. Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін айыпкердің психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол кінәнің нысандарымен ғана шектелмейді.
Субъективтік критерий әрбір нақты жағдайда сол адамның тек өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын сол адамның алдын ала білуі мүмкін болды ма деген сұраққа жауап беру үшін оның жасын, білімін, кәсібін, өмір тәжірибесін, жұмыс стажын және т.б., сондай-ақ денсаулығын, эрекет жасалған кездегі жағдайды ескеру қажет. Тек сол субъективтік критерийлерге сүйене отырып ол адамның зиянды зардаптардың болатынын алдын ала білуге нақты мүмкіндігі болған-болмағандығын анықтауға болады.
Субъективтік критерий объективтік назардың болуын жокқа шығарды.

1.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны
Субъективтік жағынан алғанда қылмыстық занда көзделген бір қылмыстар тек касақана, екіншілер тек абайсызда, үшіншілер - бір жағынан касақана, бір жағынан абайсызда жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар кейбір қылмыстар бар, олардың жасалуында бірден кінәнің екі нысаны (ниет және абайсыздык) орын алады. Бір қылмыстың өзінде кінә нысандарының осылай бірігуі әдебиетте кінөнің аралас, қосарланған не күрделі нысаны деп аталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 22 бабы кінәнің қосарланған нысанын осы қылмыс нәтижесінде болған зардаптарға қатысты қасақана жасалған әрекетпен және абайсыздықпен сипаттап анықтайды.

1.6 Кателік және оның түрлері
Адамның қылмыс жасар алдындағы ойлану процесі көпқырлы және күрделі. Объективтік және субъективтік факторлардың әсерінен адам ойы әртүрлі қателіктер жіберуі мүмкін, олар кінәнің нысанына ықпал етеді.
Казақстан Республикасының қылмыстық заңында қателіктер туралы мәселелерді реттейтін арнайы нормалар жоқ.
Олар кінө және оның нысандары туралы ережелер негізінде теория жүзінде қаралып шешіледі. Қателік субъектінің өзі жасайтын әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатынасының арнаулы нысаны болып табылады, сондықтан ол қылмыс құрамының субъективтік жағы жайында мәселе қозғалғанда қарастырылады.