Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі. Банк тәуекелдерін басқару
Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі 4
1.1 Ел (мемлекеттік) тәуекелі 13
1.2 Валюталық тәуекел 16
1.3 Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі 18
1.4 Кредиттік тәуекел 18
1.5 Пайыз тәуекелділігі 23
1.6 Банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігі 24
1.7 Өтімділік тәуекелі 25
1.8 Мамандар тәуекелділігі 28
1.9 Ағымдық тәуекелділік 32
ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ 33
2.1 Банктің барлық операциялары үшін 34
2.2 Несие тәуекелін басқару 38
2.3 Өтімділік тәуекелдерін басқару 45
Қорытынды 54
Пайдаланған әдебиеттер 55
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады. Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Банктердің нақты және дұрыс қызметіне экономика денсаулығының шешуші деңгейі байланысты болады. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін банктердің жүйесінсіз нарықтық механизмнің нақты және табысты (тиімді) құрылуы болмайды.
І бөлім. Банк тәуекелі. Банк тәуекелінің жіктелуі
Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болды.
Тәуекел – бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайлы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда).
1.1 Ел (мемлекеттік) тәуекелі
Ел тәуекелдері банктің өз қызметін байланыстырып отырған мемлекеттің өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Бұл тәуекелдің шығу көзі (туындысы) болып бір аймақтың елдерінің тәуекелі табылады, яғни аймақтық тәуекел, мысалы: Европалық одақ елдері немесе Латын Америка елдері, т.с.с. Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер және ортақ лицензиясы бар банктер үшін маңызды.
Банктің басшылығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс емес бағалаумен байланысты.
1.2 Валюталық тәуекел
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстаржың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ., DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекелдер операциялық, контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел проценттік ставка және өтімділік тәуекелімен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі кредиттік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (кредиттік, саудалық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік кредит бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін қайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер кредитті алған кездегі болған курс бойынша кредиттік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.
1.3 Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі
Форс-мажорлы жағдайлардың тәуекелі дегеніміз – бұл белгілі бір жағдайларда болатын аяқ асты және алдын алу мүмкін емес жайттардың болу ықтималдылығы (тсихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілікінісі, қоғамдық құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б.), олар өз кезегінде кредиттік келісім-шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер етеді. Форс-мажорлық міндеттемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы келісім-шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуында.
1.4 Кредиттік тәуекел
Банктер жүргізетін келісімдердің арасында кредиттік операциялардың тәуекелдері өте үлкен болады, өйткені кредит беру табыс алудың ең маңызды көзі болып табылады. Кредиттік тәуекелдерді минимизациялау кредиттік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет болып табылады.
1.5 Пайыз тәуекелділігі
Пайыз тәуекелділігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес бірте-бірте үлкен мән артып келде жатыр. Олардың қатысушылары нарықтық принциптерге сүйенген жұмыс жасайтын қаржы нарықтарында, яғни несиелік ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пйада болады. Пайыз тәуекелділігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар пайыз мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменің өзгеруіне икемді келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен пассивтерінің құрылымы және де уақыт мерзіміне байланысты актив пен пассивтің теңгерілім деңгейі болып табылады.
Тәуекелділіктің басқа да түрлеріне сәйкес пайыз тәуекелділігі де анықталмағандығымен байланысты.
Бұл жағдайда анықталмағандық пайыз мөлшерлемесінің болашақ бағыттары мен деңгейіне қатысты. Пайыз тәуекелділігі қарыз алушыға, несие берушіге де әсер етеді.
1.6 Банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігі
Әртараптандыру мәні банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз тәуелділігі мүмкіншілігінен шығады. Егер қаржыландыру көзінің кең көлемді жеткіліктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орны бар болса, банк тәуекелділігі біршама аз болар еді.
Арнайы операцияларға немесе өз қызметіндегі қызметі қандай да бір факторға азырақ бағыттан банктер анағұрлым тұрақты әрі табысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шарты - әрдайым өзгерісте болатын нарық конъюктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді және жеке факторлар тобына тәуелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп әрі ұзағырақ тұрақты және өмірлік болады.
Банк операцияларын әртараптандыру мыналардан тұрады:
1.7 Өтімділік тәуекелі
Кез келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды міндет - өтімділіктің бара-бар (адекватный) деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттерін өз уақытында орындай алу қабілеттілігі түсіндіріледі.
Әлемдік банктік теорияда және тәжірибеде өтімділікті «қорң немесе «ағымң ретінде түсіну қалыптасқан. Бұл жағдайда өтімділік «қорң ретінде банктің қандай да бір жағдайда клиенттері алдында өз міндеттемесін актив құрылымын оның ең жоғары өтімді статьяларының көмегімен өзгерту арқылы орындау мүмкіншілік деңгейін анықтауды білдіреді.
Өтімділік «ағымң ретінде банктің белгіленген уақыт мерзімі ішінде өтімділіктің тиімсіз деңгейін немесе өтімділіктің объективтік қажетті деңгейіне қол жеткізілген мөлшерін сақтап, активтер мен пассивтердің сәйкес баптарын тиімді басқару, қарызға қосымша қаражаттар тарту, банктің қаржылық тұрақтылығын табысты өсіру жолымен есебімен жүргізе алу қабілеттілігін бағалауды түсіндіреді.
1.8 Мамандар тәуекелділігі
Адамдар ғана осы немесе басқа да ұйымдық құрылымдарды жасайды, белгілі бір технологияларды тәжірибеде қолданады, инновацияларды енгізеді, нақты қаржылық құрал-жабдықтарды қолданады. Сол себепті банктік тәуекелділіктің адами факторын қарастырайық.
Банктің адами ресурстары – бұл табыстылық және сапалы қызмет деңгейі. Осымен қатар тәуекелділік және шығындар факторы.
Тәуекел адамдардың әсерінен пайда болып, осы адамдардың көмегімен басқарылады.
Банк үшін адами фактордың тәуекелінің жалпы қорытындысы қандай? Қаржы-несиелік мекеме басшыларының негізгі міндеттері – осындай тәуекелдерді төмендету. Бұл үшін адами ресурстарды басқару жүйесінде тәуекелдікті ең төменгі деңгейге әкелетін комплексті шаралардың жиынтығы болуы қажет.
Қызметшілерді басқару процесінің бірнеше кезектен тұратыны белгілі:
1.9 Ағымдық тәуекелділік
Ағымдық тәуекел қызметкерлердің персоналдық қажеттіліктері, техникалық жаңылуы, банктің бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы немесе ақпараттың жоқтығы себебінен күнделікті қызмет нәтижесіндегі мүмкіндіктерді білдіреді. Ағымдық тәуекел әкімшілікпен тығыз байланысты және де олар банктің жұмысына әрдайым әсер етуші фактор болып табылмайды, бірақ та оларды басқарудың мүмкіншілік әдістері мен қолайсыз мүмкіншілік жағдайлардың стандартты жиынтығын білдіреді. Осымен қатар, банк үшін ағымдық тәуекел әрдайым көңіл бөлерлік мәселелерге әкеледі.
Ағымдық тәуекелдің келесідей түрлерін ажыратады:
ІІ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Банкте кезедсетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмсндету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық-шаруашылық жағдайындағы пайданы табы және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта даму үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
2.1 Банктің барлық операциялары үшін
Ақпараттық тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк құзырындағы тауарлары, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе заңды құқықтарына ақпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері дұрыс толтырылмаған.
Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күделікті өлшеу, басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлімше болуы қажет.
2.2 Несие тәуекелін басқару
Банктер құралдарды беру (тапсыру) барысында, делдал болып табылады, солай келе өзіне несие тәуекелділігін қабылдайды. Несие – бұл банк сапасын және жұмысы барысын қарастырудың негізі болып табылады. Көптеген банкілердің банкротқа ұшырауларын зерттеу барысында банкроттың негізгі себебі болып, несиелердің төменгі сапада болуын куәландырады. Осыған орай, несиені басқару процессінің өзіндік түсінігі қажет.
Тиімді несиелік басқарудың маңызды элементтері болып: несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы; портфельді сауатты басқару; несиелерді нәтижелі бақылау; осы сферада жұмыс жасайтын қызметшілерді дайындау болып табылады.
2.3 Өтімділік тәуекелдерін басқару
Қазақстан Республикада коммерциалық банкілердің қалыптасуымен және дамуы –өте қиын іс және қарапайым емес. Қатаң кедергілер дәстүрлі құрылымды көрсетеді, ал жаңа банкілердегі жұмыстар негізгі пайда болатын және тұрғылықты стереотипті ойлау қаблеттерін өзгертуін, сондай-ақ, мәдени тапқырлық әдістерімен меңгерулерді талап етеді.
Дегенмен, жаңа банк жүйесі жұмыс жасауда, онда өзіні ісіне жан қиярлық ынталы және сауатты маманданған қазақстандық банкирлер жұмыс жасайтындарын бүгінгі кезде атап айтуға болады. Біздің республикамызда осы заманға сай банк жүйесін құруда үлкен ролді творчестволық ұғыну болуы қажет және осы сфераға байланысты шетелдік тәжірибені пайдалануы қажет.