Жергілікті өзін-өзі басқару
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны 4
2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері 7
3 Жергілікті өзін - өзі басқарудың шетелдік тәжірибелері мен модельдері 19
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мен қоғамды демократияландыру аясында жергілікті мемлекеттік басқаруды жаңартуды саясаттанулық тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің өскелең талабы.
Жергілікті өзін - өзі басқаруды аумақтық ұжым тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін - өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты - дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам өміріндегі маңызы, оның құрылымы, қызметі мен облыстық деңгейде басқару әдістерін жан-жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін - өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".
Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен нақты қабілеті деп түсініледі.
2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың экономикалық негізі мына түрде қалыптасады:
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
3 Жергілікті өзін - өзі басқарудың шетелдік тәжірибелері мен модельдері
Қазақстан Үкіметі мен орталық атқару органдары басқарудың барлық деңгейіндегі процестерінде басқару мүмкіндігі шектеулі екендігін мойындайды және аймақтық саясат концепциясына (ҚР-ның Министрлер Кабинетімен келісілген, 1996ж) сәйкес жергілікті органдарға істің бір бөлігін беруге дайын.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдарды қайта құруды ұйымдастыру ертеден көзделген, бірақ оны іске асыру тек біртіндеп қана емес, сонымен қоса құрылымдық жағдайына да басшылық жасау қажет.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады.
Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Биліктің жергілікті органдарын реформалаңдыруды орталықсыздандыру үрдісін бастау жолында келесі проблемаларды шешу қажет:
• жергілікті және аймақтық нәтижелі басқарудың жоқтығы;
• жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге қабілеті жететін азаматтық қоғамның ойдағыдай дамымауы.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
2. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
3. Хайдар А., "Жергілікті басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтары", "Саясат және парасат", №2, 2003ж, 5-7 бет.
4. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж., 26-31 бет.
5. «Шымкент келбеті» газеті. Қаңтар, сәуір, 2006ж.
6. «Егемен Қазақстан» газеті. Наурыз, 2006ж.
7. Оқулық «Қазақстан Республикасының мемлекті мен құқығының негіздері» Алматы 2003ж.
8. А.Төкіжан «Мемлекет және құқық теориясы» алматы 2003ж.
9. В.Уворов «Теория Государственного управления» 2004ж.
10. Интернет адресі: www.akorda.kz