Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 49 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе 3
І Бөлім. «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық сипаттамасы 5
1.1 «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық қаржы құрылымы, экономикалық жағдайы 5
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы 10
ІІ бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 13
2.1 Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық негізі ретінде 13
2.2 Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп 18
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп 20
ІІІ Бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 22
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері 22
3.2 Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау 27
3.3 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау 33
3.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 39
Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар 47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 49

Кіріспе

Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.
Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік «2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын» бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: «бухгалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру.

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы

Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.
Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

ІІ бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

2.1 Бухгалтерлік баланс - қаржылық талдаудың ақпараттық негізі ретінде

Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес қаржылық есеп беру нысандарына мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;
4) меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс
Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

2.2 Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес.

2.3 Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп

«Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

ІІІ Бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

3.2 Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Диплом алдындағы зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрлымы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.
«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баланс мәлііметтері бойынша активтердің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынады. (кесте 3.1.)

3.3 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

3.4 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде төмендегі қорытынды пікірлерге тоқталамын.
«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – құрылыс материалдарын шығарып сату. Кәсіпорын қызметінің мақсаты – жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру. Аз шығынды шығарып, табысты көп табу, құрылыс компаниялардың қажеттілігін қанағаттандыру.
Кәсіпорынның көрсететін қызметі қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі 2005 жылы 55700,02 теңге зиян шексе, 2006 жылы кәсіпорын 392442,9 теңге таза табыспен аяқтады.