Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Азаматтық құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мәміле


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І Тарау. МӘМІЛЕНІҢ ҰҒЫМЫ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1. Мәміле туралы түсінік 5
1.2. Мәміленің түрлері 9
1.3. Мәміленің нысаны 12
1.4. Мәміленің жазбаша түрі 13
ІІ Тарау. МӘМІЛЕНІҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ 15
2.1. Мәміленің жарамдылық шарттары 15
2.2. Жарамсыз мәмілелер 15
2.3. Мәмілелер жарамсыздығының негіздері 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Менің курстық жобамның тақырыбы мәміле, және де ол туралы түсінік беру.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 147-ші бабына тоқтала кететін болсаңыздар, мәміленің қандай салада жұмыс атқаратынын байқаймыз.
Осы бастап жатқан жұмысымызда біз Қазақстан Республикасының Азаматтық жағдайларында мәмілелердің алатын орны, оның түрлері, нысандары және де оның аяқталу жағдайларын айта кетеміз.
Әрірек айта кететін болсақ, мәміле бойынша мемлекетіміздің көптеген азаматтық іс-әрекеттері жасалып қана қоймай, сонымен соған байланысты шарттар жасалады. Яғни, шарт бұл мәміленің аса үлкен бір түрі болып табылады. Шарттың мағынасын осы жұмысқа ары қарай көз жүгіртсеңіздер түсінуге болады.
Мәмілемен шарттың түсінігіне тоқталу үшін Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексіне тоқтала кету қажет.Өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген.

І Тарау. МӘМІЛЕНІҢ ҰҒЫМЫ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Мәміле туралы түсінік
Азаматтық кодекстің 147-ші бабына сәйкес мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Оның мақсаты азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің бұзылмай орындалуы(мысалы, мүлікті сыйға тарту, яғни өз меншігінің, сыйға тартушыдан сыйды алушыға бағытталғанын көрсетеді, сондай-ақ осындай құқықтардың өзгертілуі мен оның міндеттері, сонымен қатар оның тоқтатылуы(несие берушінің борышкерді өз қарызын өтеуден босатуы).
Мәмілелерге мынадай белгілер тән:

1.2. Мәміленің түрлері
Конклюденттік әрекет (латынша concludere-жасау)-сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуы ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы,ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып табылады. (Азаматтық кодекстің 151-ші бабының 4-ші тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.

1.3. Мәміленің нысаны
Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай немесе нотариалдық) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле,атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле , егер заңдарда өзгеше белгіленбесе , ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған мәмілелер ,егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

ІІ Тарау. МӘМІЛЕНІҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
2.1. Мәміленің жарамдылық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле болып табылады (Азаматтық кодекстің 18-ші бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес келуі тиіс. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.

2.2. Жарамсыз мәмілелер
Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері туралы Азаматтық кодекстің 157-ші бабында бұл туралы былай делінген: «мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін».
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

2.3. Мәмілелер жарамсыздығының негіздері
Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле.
Қазақстан Республиканың Азаматтық кодекстің 23-ші бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады.
Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының(асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының(асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өзімнің курстық жобамды қорыта келетін болсам, мәміле туралы түсінік беру. Менің ойымша осы курстық жоба бойынша мәміле өте маңызды тақырып болып табылады. Қазақстан Республикалық Азаматтық кодексінің 147-ші бабында мәміле ұғымы туралы дұрыс айтылған деп ойлаймын. Яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге , өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілені әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар мәміле жасауға қатыса алмайды, ал әрекет қабілетсіздігі шектеулі азаматтар тек Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексінің 22-ші бабында тоқталсақ, яғни он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының , асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.