Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы


Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы 5
1.1 Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі 5
1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері. 8
2-тарау. «Меркур Строй Сервис» ЖШС экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау 19
2.1 «Меркур Строй Сервис» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы 19
2.2 ЖШС «Меркур Строй Сервистің» экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау 25
3-тарау. Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары 30
3.1 Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері 30
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер 38

Кіріспе
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген аялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгінгі нарықтық экономикаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазақстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.

Курстық жұмысымыздың мақсаты - өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу.
Курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай мәселелер қаралады:
• өнеркәсіп пен шағын кәсіпорындардың ролі;
• бүгінгі күнгі өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың жағдайын талдау, тиімділіктерін анықтау;
• осы салада шағын кәсіпорын болашағы.

1-тарау. Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
1.1 Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі
Бүгінгі күні экономикалық өсудегі негізгі бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып, оны ұлттық экономикадағы рөлін өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде шаруашылық нысандардың көптеген түрлерін ынталандыруға, халықтың жұмысбастылығын өсіруге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі салыстырмалы артықшылықтарын көрсететін болады.
Шағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.

1.2 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері.
Еліміздегі қалыптасқан жағдай тиімді жұмыс істейтін шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және дамыту керектігін дәлелдеп отыр. Осы шағын кәсіпорындар көптеген мемлекеттердің экономикалық өркендеуіне, өндірістің алға жылжуына және халықтың белсенді бөлігінің көтерілуіне мүмкіндік берген. Шағын кәсіпорын мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.

2-тарау. «Меркур Строй Сервис» ЖШС экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау
2.1 «Меркур Строй Сервис» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Меркур-Строй Сервис» өз қызметін 18.06.00 ж. әділет министрлігіне №40669-1910-ЖШС болып тіркелгеннен бастап жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты табыс табу және қызмст көрсету саласын кеңейту. Серіктестік жұмысының негізгі пәні коммерциялық операцияларды жүргізу, көтерме және бөлшек саудасымен тауарларды өндіру және оларды өткізу болып табылады.

2.2 ЖШС «Меркур Строй Сервистің» экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Осы талдау арқылы кәсіпорынның даму перспективасын анықтауға болады. Қаржылық істің мақсаты қаржылық ресурстарды өндірісте тиімді пайдалануды және максималды пайда алуды көздейді.

3-тарау. Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары
3.1 Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері
Статистикалық тіркелу деректері бойынша республикада 2004 жылдың 1-қаңтарында 130,8 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, бүл көрсеткіш 2003 жылдың 1 қаңтарыңдағыдан 11,8 % жоғары. Тіркелгендердің 71,5 %-і жұмыс істейтін, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын кәсіпорындар. 200і жылдың желтоқсанында 46 мыңнан астам кәсіпорын (жұмыс істейтіндер санынан 49,4%) белсенділік танытқан.
Белсенді кәсіпорындардың басым көпшілігі сауда, автомобиль және үйде пайдаланатын заттарды жөндеу салаларында қызмет атқарады, өйткені сауда қызметі шағын бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлы болып табылады. Өнеркәсіп қызметімен белсенді кәсіпорындардың 12,5 % айналысқан, олардың басым саны өңдеу кәсіпорнында (өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы санынан 90,2%) шоғырланған.

Қорытынды
Шағын кәсіпкерлік елдің экономикасының дамуына айтарлықтай әсер ететін экономика ортасының ажырамас бөлігі. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ядросын шағын кәсіпорындар құрайды. Шағын кәсіпорындар . көтеріліп келе жатқан экономиканың дамуын сақтауға және ұдайы өндірісті маңызды механизмі. Өндірістің ұйымдастырушылық - шаруашылық нысанын жаңартуда нарықтық нарықтық стратегияны қалыптастыру шағын кәсіпорындардың дамуынсыз болмайды. Экономикамыздың дамуын жалғастыруда ең алдымен өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың үлесі мен олардың өнімінің сапасын көтеру арқылы жету керек.