Автожолдардың маңызы және олардың жіктелуі
Жоспар
1 Жол жағдайының маңызы 3
2 Жолдың көлденең және ұзына бойғы пішіндерінің элементтері 6
3 Жолдық киім және оған талаптар 7
4 Жасанды кұрылыстардың түрлері мен міндеттері 9
Әдебиеттер 16
1 Жол жағдайының маңызы
Жаман жолмен жүргенде жылдамдык азаяды, отын шығыны көбейеді, тасымалдаулар қүны артады, одан баска жол көлігі оқиғасы саны көбейеді, автомобильдің тозуы күшейеді, ол жөндеуде бос тұрудың көбеюіне жолды жондеу шығымдарының артуына әкеп соғады.
Халық шаруашылығының мүддесі жыл уақыты мен ауа-райының жағдайына қарамастан казіргі кездегі жүк автомобильдерінің үлкен жылдамдықтармсн жүрісін қамтамасыз ететді, сәулеттендірілген жолдардың таратылған желілерін салуды талап етеді.
2 Жолдың көлденең және ұзына бойғы пішіндерінің элементтері
Үзына бойғы пішінде жол өрлері немесе қиялары бар жекелеген учаскелерден түрады, көлденең учаскелер сирек. Жол учаскесінін орінің немесе ылдилығының қүламалығы үзын бойғы көлбеулігімен сипатталады.
Үзына бойғы көлбеу і көлбеу бұрышынын тангенсіне тең, проекциялық сызықты көлденең сызыққа бөлгенде і= һ/t = tg а ұзын бойғы көлбеулер шама шарқынша өте жатык болулары керек. Бүл талаптың жүзеге асуы жердің рельефіне байланысты.
3 Жолдық киім және оған талаптар
Жолдық киімді топырақ төсемінің тегістелген және тығыздалған бетіне орналыстырады. Ол келесі талаптарға сай болуы керек: оның беріктігі шөгудің болмауын және тозуға жоғары қарсылықты қамтамасыз етуі керек; бетінің тегістігі жоғары жылдамдықтармен жүруді қамтамасыз етуі керек; бетінің кедір-бүдыры автомобиль дөңгелектерінің жамылғысымен жақсы ілінісуін қамтамасыз етуі керек.