Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Микроэкономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өзіндік құн және шығындар


Жоспар
1 Өзіндік құн және шығындар 3
1.1 Өндірістік шығындар 3
1.2 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары 3
1.3 Орташа және шекті шығындар 5
1.4 Изокоста және ең кіші шығындар принципі 8
1.5 Өсу траекториясы 10
1.6 Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар 10
Әдебиеттер 13

1 Өзіндік құн және шығындар
1.1 Өндірістік шығындар
«Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

1.2 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт кезеңін айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (FС) және айнымалы (VC) ажыратады, яғни:
ТС = FС + VC
Тұрақты шығындар (FС) деп – қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады:амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

1.3 Орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:

3-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары
МС, АVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.
Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVC қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені АҒС бұл кезде азаяды.
МС пен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе (МС>АС), онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер МС>АС болса, онда АС-ның көлемі кішірейеді. Сонымен МС қисығы АС қисығын, оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік МС және АVC арасында да бар.

1.4 Изокоста және ең кіші шығындар принципі
Изокоста дегеніміз – жалпы шығындардың құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімен қамтитын сызық. Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді РL арқылы белгілейік, ал РК – арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.
Сонда жалпы шығын былай анықталады:

1.5 Өсу траекториясы
Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өндірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді. Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады. Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Ос ы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траеториясын аламыз.

1.6 Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар
Бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғарыда ұсынылған молдельдерде өндірістік факторлардың бірі (капитал) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Біз қысқа мерзім кезеңіндегі шекті, орташа шығындардың қисықтарын алдық.