Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өмір салты және денсаулық (валеология)


Жоспар
Кіріспе 3
1 Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар 6
2 Оқу кабинеттерінің жабдықталуы 10
3 Денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастырудың гигиеналық негіздері 13
Қорытынды 17
Әдебиеттер 20

Кіріспе
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жатады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.

1 Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді және жиһаздардың әрқайсысының қолданылуына қарап анықтайды.
Негізгі талаптардың бірі – жұмыс столы мен орындықтардың баланың бой ұзындығы мен дене пропорциясына міндетті түрде сәйкес келуі.

2 Оқу кабинеттерінің жабдықталуы
Оқу кабинеттері белгілі талаптарға сәйкес болуы керек. Шет тілін оқытуға арналған кабинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.
Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару пульті бар арнаулы демонстрациялық столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.
Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі орынды столдармен жабдықталады. Химия лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға жақын, оқытушының столының жанында орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.
Осы кездерде мектептерде әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.

3 Денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастырудың гигиеналық негіздері
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

Қорытынды
Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді.

Әдебиеттер
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.
3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007