Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу


Жоспар
Кіріспе 3
І тарау. Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде 9
1.1 Лаңкестіктің қауіпсіздік қаупі ретіндегі анықтамасы: тарихы, мәні, түрлері 9
1.2 Еуропалық Одақ елдеріндегі лаңкестіктің көрініс табуы (Солтүстік Ирландия, Испания және т.б.) 18
1.3 ЕО-дағы лаңкестікпен күрес және адам құқығы мәселесі 28
ІІ тарау. Еуропалық Одақ елдерінің саясатындағы лаңкестік қаупіне қарсылық әрекеті 34
2.1 Еуропалық Одақ аясындағы лаңкестікпен күрес механизмдерінің құқықтары 34
2.2 Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы күрестегі саяси, әскери және т.б. амал-тәсілдері 44
2.3 ЕО-тың лаңкестік мәселесі күресіндегі еуропаның қауіпсіздік құрылымдары: НАТО, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығы 51
Қорытынды 57
Сілтемелер 61
Пайдаланған әдебиет тізімі 68

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еуропалық Одақ әлемдегі саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда еуропалық интеграцияға ұмтылған Еуропа мемлекеттері Еуропалық Одақ көлемінде өздерінің бүгінгі күні шын мәнінде халықаралық үздік интеграциялық үрдіс болуға лайық дамытуда. Қазіргі таңда еуропалық интеграция үрдісі тарихи заңды құбылыс ретінде тек қана экономика, сауда саласын, әлеуметтік өмірді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге жалпы қорғаныс, қауіпсіздік саясатын қамтуда. Осындай саяси бағытқа сай лаңкестіктің жаңа шақыруларымен күресу мәселесі алға шығуда.

І тарау. Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде
1.1 Лаңкестіктің қауіпсіздік қаупі ретіндегі анықтамасы: тарихы, мәні, түрлері
Қоғамдық-саяси өмірдің ерекше құбылысы ретінде лаңкестіктің өзіндік ұзын тарихы бар. Оның білімінсіз лаңкестіктің көзі мен тәжірибесін түсіну қиын, дегенмен қазіргі лаңкестіктің оның өзімен жасалған бұрынғы идеологиялық бағыты жоқ. Қазіргі лаңкестік ұйымдар, топтар мен жеке тұлғалар көпшілігі қимылдарының себептері «жоғары идеалдардан» тым алшақ.
«Халықаралық лаңкестіктің» - бұл лаңкестік қызметтің қазіргі формаларының бірі ғана емес. Бұл – террор шеңберіндегі айтарлықтай жаңа құбылыс.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «ХХІ ғасырдағы Қазақстан» еңбегінде қазіргі әлемнің шарттарында мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен лаңкестік және діни экстремизм сияқты сыртқы қауіптерді алдын алу болып табылады деп айқындайды [24].

1.2 Еуропалық Одақ елдеріндегі лаңкестіктің көрініс табуы (Солтүстік Ирландия, Испания және т.б.)
Ғасырлар өткен сайын халықаралық лаңкестік үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл аурудың қатерлі симптомдары, әсіресе, соңғы жылдары адам жанын түршіктірерлік сипатта көрініс тауып отыр. Оның үстіне террорлық әрекеттер салдарынан қасірет шегіп, құрбан болғандардың саны да күн санап арта түсуде. Әр түрлі саладағы лаңкестер өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденіп, өздерінің әдіс-тәсілдерін, қару-жарақтарын және күрес тактикасын да жиі ауыстырып отырды. Олардың бүгінге дейінгі және болашақтағы негізгі нысанасы – планетаның ірі мегаполистерін, стратегиялық маңызды теңіз жолдарын, зайырлы мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелерді, әлемнің транспорттық, туристік және банктік инфрақұрылымдарын жаулап алу.

1.3 ЕО-дағы лаңкестікпен күрес және адам құқығы мәселесі
2001 жылдың қыркүйегіндегі Брюссельде болған Еуропалық Одақ елдерінің юстиция және ішкі істер министрлер кеңесінде Ұлыбритания лаңкестікпен күресте біріккен Еуропа полициясын құрып, еуропалықтардың мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды. Британдықтардың ұсынысы – лаңкестікке қатысы бар деп айыпталғандарды қатаң жазалау, банк операцияларына қатаң мемлекеттік бақылау қою, телефон компаниялары мен интернет-провайдерлер мұрағатына кіретін жолдарды жабу болды.

ІІ тарау. Еуропалық Одақ елдерінің саясатындағы лаңкестік қаупіне қарсылық әрекеті
2.1 Еуропалық Одақ аясындағы лаңкестікпен күрес механизмдерінің құқықтары
1960 жылдың аяғында 1970 жылдың басында дүниежүзілік қоғамдастықтың алдында халықаралық лаңкестік әрекеттерге қарсы күресті жетілдіру, дамыту мәселесі тұрды. Дәл осы кезеңде қоғамда болып жатқан саяси үрдістерге ықпал ету, кедергі жасау мақсатында лаңкестік әрекеттер өрши түсті. Лаңкестік белсенділігінің күшейгені соншалық оның географиялық ауқымы тез кеңейіп, бүкіл аймаққа таралды. Оған қарсы тұру үшін, яғни лаңкестікпен күресу үшін көптеген мемлекеттер өзара келісімге келіп, лаңкестікке қарсы күрестің халықаралық және ұлттық концепциясын жасады.
Әлемдік қауымдастықтың лаңкестік әрекеттерге қарсы күресінің негізінде бірнеше әмбебап халықаралық конвенциялар жатқандығын ерекше атап өту қажет. Соның ішінде:

2.2 Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы күрестегі саяси, әскери және т.б. амал-тәсілдері
Қазіргі таңда Еуропа лаңкестікге қарсы күреске және онымен күресудің тиімді жолдарын табуға ерекше назар аударып отыр. Лаңкестік мәселесін нейтрализациялауда Еуропаның қол жеткізген ең негізгі нәтижесі ұлттық деңгейдегі ынтымақтастықтың координациясы. Бүгінде Еуропа аймағында, антилаңкестік қызметпен айналысатын бірнеше арнайы органдар жұмыс істейді. Лаңкестікпен күреске жауап беретін ЕО-тың органдары:

2.3 ЕО-тың лаңкестік мәселесі күресіндегі еуропаның қауіпсіздік құрылымдары: НАТО, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығы
НАТО-ның қауіпсіздік туралы мәселесінде лаңкестік үнемі басты назарда болған жоқ. 1999 жылы қабылданған стратегиялық концепцияда да лаңкестікті жаңа қауіп түрінде мойындамағанымен, үлкен мән берген жоқ. Солтүстік атлантикалық одақтың саяси, әскери потенциалына, концепциясына лаңкестіктің сипаты пайда болуы туралы мәселелерге арналған саяси дискуссиялар өткізілмеді. Яғни, 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейін лаңкестік мәселесіне аз көңіл бөлінді. Бұл оқиғадан кейін жергілікті халық пен әскери күштерге лаңкестік төндіретін қауіп туралы жиі айтыла бастады. Тіпті НАТО жұмысының барлық аспектілері лаңкестік мәселесіне қатысты қайта қаралды. НАТО-ның АҚШ-та орын алған лаңкестік әрекетке деген реакциясы тез әрі шешімді болды. Оқиғадан кейін бір күннен одақтастар НАТО-ның тарихында бірінші рет Вашингтон келісім шартындағы 5 бапты (ұжымдық қорғаныс пунктін) пайдаланды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын, сондай-ақ, ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алу - әрбір мемлекеттің басты міндеті болып саналатындығы белгілі. Бірақ ХХІ ғасырдың басында халықаралық саяси жүйе маңызды өзгерістерге ұшырады, әсіресе бізбен қарастырылып отырған лаңкестік мәселесінің алға шығуы.
Халықаралық лаңкестер әрекет жасайтын қазіргі шақыру шартының ерекшелігі және саяси ортаның күрделілігі бір ғана нақтылы әскери әрекеттердің жеткіліксіздігін көрсетеді, сондықтан, шақыруға деген маңызды жауабының жаңа түрі экономикалық саясат саласындағы дипломаттық және қаржылық тұрғыда жатыр.