Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері


Жоспар
Кіріспе 3
І. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы 5
1.1 Еңбек нарығының құрылымы 5
1.2 Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар 8
1.2.1 Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі 8
1.2.2 Демографиялық жарылыс 9
1.2.3 Ақпараттық технологиялар 9
1.3 Жалақының қалыптасуы 9
ІІ. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік мәселелері 14
2.1 Жұмыссыздық мәні 14
2.2 Жұмыссыздық көрсеткіштері мен түрлері 16
ІІІ. Еңбек нарығын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру 20
3.1 Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты 21
3.2 Еңбек биржасының мәні 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым-қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс-әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын-ала қалыптасады.

І. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық өз уақытында төлемдер мен зейнетақысын ала алмайтын хәлге түсті. Ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі, мемлекеттің негізгі мақсаты - адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек нарығы болып табылады.

1.1 Еңбек нарығының құрылымы
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруге пайдаланады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланып қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады , алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынды. Демек, еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретіне еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:

1.2 Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар
Бұл сауалды қарастыру үшін еңбек нарығына тікелей әсер ететін себептерді анықтау қажет. Төменде өзара байланысты және бір-бірін қиындататын факторлардың тізімі келтіріледі:
1) Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі;
2) Демографиялық жарылыс;
3) Ақпараттық технологиялар.
Бұл факторлардың барлығы да белгілі, бірақ олардың әсері көп жағдайларда тиісті түрде бағаланбайды және осы мемлекеттік немесе әлеуметтік бақылаудан тыс орналасатынын көпшілік түсіне бермейді.

1.2.1 Экономикалық нарықтық дүниежүзілік деңгейге көтерілуі
Ақша массасының , ақпарат, технологиялар, тауарлар мен қызметтердің орнын ауыстыруына ұлттық шекаралардың бұрынғы әсерін жоққа шығарған нарықтық қатынастардың халықаралық жүйесіне үш миллиардқа жуық адам қосылды. Компания инвестициялары үшін ең қолайлы нарықтық мүмкіндік алды. Осындай шешімдерді қабылдау процессіне көптеген факторлар әсер етеді, бірақ еңбек құны солардың бірі екені сөзсіз.

1.2.2 Демографиялық жарылыс
Осы жарылыстың себебі болып екі феномен болып табылады. Біріншісіне, әрбір сағат сайын дүниеде 12500 бала туатынын, сондықтан, әрбір он жыл сайын жер тұрғындарының саны 1 миллиардтаған адамға көбеюін жатқызуға болады.

1.3 Жалақының қалыптасуы
Жалақы – еңбек құнының ақшалай көрінісі. Жалданған қызметкердің жалақысы екі бөліктен тұрады:

ІІ. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік мәселелері
Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы жағдай – экономикалық-әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезіндегі жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің оңды сипатқа және нәтижелерге әкелер еді. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күнкөріс әрекеті сырғақ бағытқа ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабына әлде қайда төмен жатыр. Республикамыздағы нарықтық инфра құрылымдардың дамуы қандай да бір жеңіл-желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуды.

2.1 Жұмыссыздық мәні
Кеңес заманында жұмыссыздық мәселесі туралы қайта құру кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теориялық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп , негативтік түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелері өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.

2.2 Жұмыссыздық көрсеткіштері мен түрлері
Жұмыссыздық деңгейін (U), жұмыссыздар санын (V) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) болу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
U=V/L=V/ (V+E)
E – жұмыс істеушілер саны.
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді.

ІІІ. Еңбек нарығын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру
Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы экономиканың барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл шаруашылығында төмендеді. 1991- 1995 жылдар бойы экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа шамасының төмендеуі 3,7%. Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және сапалық қолайсыз уақытында өтті.

3.1 Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты
Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді . Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптан басқа (жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрену мен қайта оқыту , қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру), еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кәсіпорындарға орналастыру мен тұрғындарды басқа аймақтарға бөлу қарастырылды. Бірақ бағдарламада салынған болжамдар өзін-өзі ақтамады. Жұмыссыздардың еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185 мыңның әрбір екіншісі ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді; 45%-кәсіптік оқуға және қайта даярлықтан өтуге жіберілді, 34%- жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы алып тұрады, 12%- қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сөйтіп, әлеуметтік қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық берілді.

Қорытынды
Нарықты экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы кезінде адамзат тарихының тәжірибесі адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатынын көрсетті.
Еңбек нарығына өту кезіндегі қиын жағдайлар болды, себебі бізде алдында еңбек нарығы болмады, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарын бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс орындарын құру еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің экстенсивті типтегі шаруашылық механизімінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауылшаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Еңбек рыногы экономикасы: оқу құралы – Алматы, 2003 ж. 171 бет. С. Жұманбаев.
2. Еңбек экономикасы: Атырау, 1999 ж. 173 бет. Редакторлары: Ихданов Ж.О., Нұрышев Ғ.Ж.
3. Нарықты экономиканың негіздері: оқу методикалық құралы – Ақтөбе, 1993 ж. 2 бөлім. 108 бет.
4. Нарықтық экономика әліппесі – Алматы: Қазақстан. 1995 ж. 96 бет. Редакторы: М. Әкімжанов.
5. Экономикалық теория негіздері: оқулық. – Алматы, «Санат», 1998 ж. Я. Әубәкіров.
6. «Еңбек нарығы және жұмыспен қамту». Ақиқат. 2000 ж. № 7. 30-45 бет.