Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І тарау. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Құқық ұғымы, белгілері 5
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны 10
ІІ тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА 18
2.1 Құқықтың қайнар көздері 18
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы 25
ІІІ тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС 35
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы 35
3.2 Заңды айғақ 37
ҚОРЫТЫНДЫ 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 44
КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4 түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, диплом тақырыбын ашуға тырыстым.
Бұл дипломдық жұмысым заң ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Бұл еңбек құқықтық норма түсінігін игеруге көмекші құрал ретінді жараса екен деген ойдамын. Және де аталған тақырып менің алдағы да еңбектерімнің арқауы болар деген сенімдемін.
І тарау. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Құқық ұғымы, белгілері
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) – құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады29.
Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны жай гипотеза дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса ондай гипотезаны күрделі гипотеза дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза дейді.
ІІІ тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы тұрғыдан Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады: «Перспективаларымызды айқын ұғыну,жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп- қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...біз жаңа мемлекетті,жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз».
3.2 Заңды айғақ
Заңды айғақтар (фактілер) – нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың мұндай жиынтығы айғақтық деп аталады.
Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы», атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда «құқық» түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: «Құқықтық норма» ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – «құқық» термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.
Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.
Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.