Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Заңды тұлға туралы ұғым

Жоспар
1 Заңды тұлға туралы ұғым 3
2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер 5
3 Заңды тұлғалардың түрлері 6
4 Заңды тұлғаларды құру 8
5 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі 11
Пайдаланған әдебиеттер 16

1 Заңды тұлға туралы ұғым
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:"Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК- тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы); 2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-бөлігі),сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі(АК- тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.

3 Заңды тұлғалардың түрлері
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз.Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі,қор, діни бірлестік қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәикес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанадағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;

4 Заңды тұлғаларды құру
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құрылуы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйке заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін-меншік иесі бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, комерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық нысанасындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін-құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін-жарғы болып табылады.

5 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды.Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасна қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.