Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Еңбек құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек құқығының субъектілері.


Жоспар
1 Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері 3
2 Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері 5
3 Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде 6
4 Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі 11
5 Еңбек ұжымының функциялары және өкілеттіктері 16
Әдебиеттер 20

1 Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері
Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады.

2 Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері
Бұл құқықтар мен міндеттер ҚР Конституциясында және еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық, мемлекетпен кепілденген ең төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқық, кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге құқық, кәсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тәртібін сақтау міндеті, еңбек нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және т.б. жатады. Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндеттер қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын анықтайды.

3 Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп және ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқықғының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді.
Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге және т.б. бөлінеді.
Осыған сәйкес азаматтар мәртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.

4 Жұмыс берушілердің құқықтық мәртебесі
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер және т.б. жұмыс берушілер болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлуге болады.

5 Еңбек ұжымының функциялары және өкілеттіктері
Функциялар – бұл еңбек ұжымы қызметінің негізгі бағыттары. Олардың қатарынан мына функцияларды атауға болады:
- бірлескен еңбекті ұйымдастыру, еңбек жағдайы мен қызметкерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту;
- кәсіпорынды басқаруға қатысу;
- мемлекеттік-саяси өмірге араласу;
- өз мүшелерін еңбек және өнегелік тұрғысынан тәрбиелеу, еңбек тәртібін нығайту.
Еңбек ұжымы мен ұйымның құқықтық мәртебесі тең болады.