Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. «ХАБИБ БУРГИБА ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ» 9
1.1 Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы- 80 ж. басы) 9
1.2 Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы 22
1.3 Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Бургиба үкіметіне қарсы ереуілдер 27
ІІ-ТАРАУ. ЖАҢА ҮКІМЕТТІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ 1990 ЖЫЛЫ ДАМУЫ 34
2.1 Бен Алидің үкімет басына келуі 34
2.2 Жаңа саяси бағыт және оның жүрісі 41
2.3 Жаңа үкіметтің әлеуметтік- экономикалық шаралары 49
2.4 Тунистің шет елдермен байланысы 57
ҚОРЫТЫНДЫ 64
СІЛТЕМЕ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тунис Мағриб елдерінің құрамына кіретін араб мемлекеттерінің бірі болып табылады. Тунис мемлекеті көптен бері араб әлемінің соңғы қатарлы елі болуын тоқтатты. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулар біртіндеп Батыс Европамен және Араб Шығысымен жақындасуға әкелді. Егерде, Батыс елдерімен арақатынас толық Мағриб интеграциясындағы дүниежүзілік экономикалық байланыстар көпірі қызметін атқарса, онда осы күндері араб-мұсылман дүниесінің әсерін тек қана мәдени өмірдің маңызды үлгісін ғана емес, сондай-ақ, саналы іздену бағытындағы рухани жағдайды да анықтайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Тунистің саяси тұрақтылығында өзінің рыноктық жекеменшік жолында дамуы күдікті әлеуметтік тәжірибелердің нәтижесін береді.

I-ТАРАУ. «ХАБИБ БУРГИБА ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ»
1.1 Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы- 80 ж. басы)
Тунис ыкыласы бойынша 27.11.1956 жылы Парижде франко-тунистік келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер 20.03.1956 жылы Франция Тунистің тәуелсіздігін мойындауы туралы протоколға қол қоюмен аяқталды. 03.06.1955 жылы келісімі мен 75 жыл бойы протектораттың құқықтық негізі болған 1881 жылы Бардостік шарт алынып тасталды. Тунис ішкі және сыртқы істерінің суверинитетін иемденген тәуелсіз мемлекет болды.
25.03.1956 жылы Тунистің ұлттық құрылтай жиналысына сайлау өткізілді.

1.2 Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы
Гафсадағы қақтығыс (Ливия- Тунис) өткеніне 1 айдан соң, 1980 жылы ақпан айында премьер - министр Хеди Нуира ауыр науқастанып, шын мәнінде саяси аренадан кеткен еді, ал оның орнына кімнің келетіндігі саяси ортада елеулі қобалжу тудырды, оның себебі, конститутция бойынша жаңа премьер-министр үкіметтің болашақ басшысы болуында еді. Біраз мерзім президент Х.Бургиба премьер-министрлік қызметті өзі алып жүрді. 1980 жылы 23 сәуірде премьер-министр болып, қоғамдық ортада беделі бар, либералдық қайраткер атағы бар Мұхаммед Мзали тағайыңдалды. Тунистік «Ас-Сабах» газетінде «ол үкімет құрамында да, одан тысқары да өмір сүретін түрлі саяси партиялармен жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалды, өйткені ешқайсысымен де араздаспаған» деп жазады.

1.3 Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Бургиба үкіметіне қарсы ереуілдер
1981 жылы 10-сәуір СДП-нің XI съезінде Хабиб Бургиба елді бұрынғысынша ескі авторитарлық әдістермен басқара алмайтындығын мойындап, қоғамдық өмірді демократизациялау әрекеттерін іске асырамын деп сөз береді. Оның сөзіне қарағанда, ол әрекеттердің бірі елде көп партиялы жүйені енгізу. ЖТЕ¥-ның XVI съезінде профцентрдің автономиясы мойындалып, А.Горбаль және X. Ашурлар ақталынды. 1981 жылы қаңтарда өкімет 1978 жылғы қаңтар окиғасының барлық қатысушыларын босатты, ал 1981 жыл көлемінде 70 жылы үкіметке қарсы ұйымдардың біркатар катысушыларын босатты.
1981 жылдың жазында өкімет 1963 жылғы өзінің ресми түрдегі компартия іс-әрекеттерінің тоқтауы жайлы шешімін алып тастау негізінде ТКП-ның ресмиленуі іске асты. Дегенмен, тунистік басшылардың түпкі ойы өсіп келе жатқан фундаменталистердің әрекетіне қарсы күш құру.

ІІ-ТАРАУ. ЖАҢА ҮКІМЕТТІҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ 1990 ЖЫЛЫ ДАМУЫ
2.1 Бен Алидің үкімет басына келуі
Хабиб Бургиба жуық арада Бен Алидің күш қуатын және шынайы патриотизімдік алғырлығын бағалай білді. Жан - жақтан көбейіп жатқан саяси және әлеуметтік қысымнан тәртіпті сақтап қалатын бірден-бір құтқарушы - Бен Али болды. (Бұл жерде 1984 жылы қамтыған жаппай толқулар әңгіме болып отыр).
Осы кездері Бен Алиге жаңа тағайындаулар жан - жақтан келе бастады. 1985 жылы 23- қарашада ол ¥лттық Қауіпсіздік Министірі, ал бірнеше айдан соң 28-сәуір 1986 жылы ішкі істер Министірі болып тағайындалды. Сол жылдың маусым айында Бен Али негізгі шешімдерді дайындайтын Социалистік Дустур партиясы саяси бюросының құрамына кірді. Кейінірек, партияның Бас секретарының орынбасары болып тағайындалды. 1987 жылы 16-мамырда Бен Алиді мемлекеттік министр рангісіне дейін өсірді. Ал, 1987 жылы 2-ші карашасында ішкі істер Министрлігіндегі қызметін сақтай отырып, премьер-министр болып тағайындалды.

2.2 Жаңа саяси бағыт және оның жүрісі
Тунис президенті Бен Алиге елдегі бірпартиялық жүйені сақтап калуға болатын еді, бірақ ол елде көппартиялық дамуды көздеді. Фундаменталистер тарапынан туған қауіп-қатер, экономикадағы шиеленісті жағдай қоғамдық реформаның тұсауланып қалуына себепкер болуы мүмкін еді. Бірақ, президент елді азамат соғысынан және терең саяси дағдарыстан сақтап қалатын жалғыз әдіс - плюрализм бағытын таңдап алды. Плюрализм - бұл бостандыққа негізделген елдегі эффективті және жүйелі дамудың кепілі. Өйткені бостандық пен даму бір бірін толықтыратын көрініс. Егер де елде саяси бостандық болмаса, жеке инициативаны тудыратын ерікті экономика да болмайды. Сондықтан да, президент өндіріс саласында мемлекеттік араласуды әлсіретуге көмектесті. Экономика ерікті түрде шарауашылықта делдалдықсыз субъектер-дің әрекет ететін ортасы болу керек.

2.3 Жаңа үкіметтің әлеуметтік- экономикалық шаралары
Бен Али үкімет басына келгеннен соң оның басшылығымен бірнеше мәселелерді қамтитын экономикалық бағдарлама жасалды. Бұл жүйе мемлекетті ретке келтіру және тек қана жекеменшік ұлттық капиталды жұмыс істету ғана емес, оның өсуі үшін де либералды тәртіп орнататын экономикалық дамуды көздеді. Реформаның басты элементтерінің ішінде негізгі үш мәселе қаралады. Олар: өнеркәсіпті көтеру және ұлттық өнімдердің экспортқа шығуына жағдай жасау, жұмыссыздықты тоқтату үшін жұмыс орындарын салу еді. Осы күнге дейін 10 жыл мерзім ішінде алға қойылған мақсаттардың көбісі орындалғанына күмән жоқ. Үкімет тұтыну және өндіріс товарларына деген бағаны босатты, жәрдем ақшаларын қысқартып, финанс рыногында либерализациялауды іске асырды, импортқа деген сұранысты белгілі мөлшерде шектеп, Туниске түйдегімен келіп жатқан шет ел инвестицияларын иемденді.

2.4 Тунистің шет елдермен байланысы
Тунистің жаңа президенті Зин аль-Абидин бен Али халықаралық қатынаста Тунис мемлекеті өз міндеттілігіне сенімді болып қалатынын, сонымен қатар, «исламдық, арабтық, африкалық және жерорта теңіз ынтымақтастығы» атауларын сақтайтындығын атап өтті .
Тунис Республикасы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысады және де оның экономиикалық жағдайы сыртқы экономикалық байланыстар оның экономикалық жағдайын сырткы экономикалық байланыстар тарапынан анықталатын болады.
Негізінен, Тунистің қазіргі уақыттағы сыртқы экономикалық байланыстары екі бағытта дамуда: сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық бағыттары.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сөйтіп, Тунис мемлекетінің экономикалық-әлеуметтік дамуы 80-90 жылдары жүйелі түрде жүрді. Елде 80-ші жылдың аяғында келген президент Бен Али жүргізген саяси плюралистік бағыт өз даму жолын тауып, дұрыс жолға түсті. Өз ісіне алғыр, батыл саясаткер елді демократияландыру негізінде жүргізген әр түрлі саладағы реформа нәтижесінде елде біркатар алға даму шаралары көзге түсті. Тунис елі өте гүлденген, шарықтаған араб елі болмаса да, европалық стандартқа жақын араб елдерінің бірі болды. Тунис мемлекетіндегі екі президент Бургиба мен Бен Алидің басқару әдістерін салыстыра келе, Бургибаны негізінен мемлекеттік құрылыс қызықтырса, Бен Али толык қоғамды дамытуға әрекеттенді. Бургиба өзінің ставкасын елін азат етуге қойса, Бен Али адамзат кұқығын азат етуге қойғанын көреміз.