Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Рашид-ад-дин Фазлолла Хаманидің «Жами-ат-Тауарих»

Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш (Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады. Бұл тарауларда тарихи ақиқатар мен аңыздар астасып жатады. Сол кездегі казақ даласын автор Дешті- Қыпшақ яғни Қыпшақ даласы деп көрсетеді. Бұл кітапта түркілер деп аталған қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, түрік, татар, әзірбайжан, башқұрт сияқты халықтардың ата-тектері бір екендігі баяндалады. Амал не, Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер мол жазылған осы «Жами-ат-Тауарих» туралы кешегі кеңес заманында жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясында», тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан «Түркістан» энциклопедиясында да бір ауыз сөз жазылмай қалған.
Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша жазылған «Алтын дәптерді», араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің «Шежіресін» Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған «Насыр кестесін», Түркістан мен Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша жазған «Жаһангушей» атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.

Моңғолдардың Орта Азияға шабуыл жасауына найман Күшлік ханның әрекеттері, сондай-ақ Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедке бағынышты Отырар қаласының ханы қаңлы Қайыр ханның Шыңғыс хан елшілерін екі қайтара қырып салуы сылтау болғандығы тарихтан белгілі. Сол XII ғасыр аяқталып, XIII ғасыр басталған шақта әлемдік тарих сахнасына шыққан ұлы жаулаушы Шыңғыс хан, қараі^ытайлар гурханы Чулуку, наиман ханы Күшлік, хорезм шахы Сұлтан Мұхаммед және жалайыр қарахандардың соңғы билеушісі — атақты Айша бибі аруға ғашық болатын Арыстан Мұхаммед хан тағдырлары Таразда түйісті.

Тараз қаласы қашанда тарих-ана толғатқанда қазақ халқыныц тағдырында темірқазықтаи жарқырап бағыт-бағдарды керсетіп келгендігі мәлім. Осы орайда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тараз тарихы — тарихымыздың алтын діңгегі, темірқазығы» деген аталы сөзіне күмәнсіз дес қоясыз.