Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Компьютерлік қылмыстың пайда болу формалары


Мазмұны

Кіріспе 4
I. Компьютерлік қылмыстың пайда болуы 5
1.1 Компьютерлік қылмыс туралы жалпы түсінік 5
1.2 Компьютерлік қылмыстарды атқарушыларға сипаттама 7
II. Компьютерлік қылмысты жасау тәсілдері 10
III.Компьютерлік қылмысты алдын алу шаралары 18
3.1 Компьютерлік қылмыстарды ашу және әшкерелеу тәжірибесі 23
3.2 Компьютерлік қылмысты шешудегі туындайтын қиындықтар 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Біздің уақытта интернет пен компьютерлік технологиялар заманы туғандықтан компьютерлік қылмыс жасау қоғамдық өмір шындығы болып отыр. Негативті тенденциялар айтарлықтай деңгейде ғылыми –техникалық революциялардың (ҒТР) дамуының өте қарқынды процесімен белгіленеді. Бұл революция өз соңынан қоғамдық қатынастар мен ресурстардың жаңа ақпараттық түрінің пайда болуын алып келді. Ерекшеліктердің тұтас бір қатары бар, олар ресурстардың басқа түрлерінен ақпараттық ресурстарды ажыратады.
• олар қолданысқа ие емес және олар физикалық емес, моральдық тозуға бейім
• олар өздері жүзеге асырылатын материалдық емес және физикалық тасуға келтірілмейді
• оларды пайдалану ресурстардың өзге түрлерін тұтынуды бірден қысқартады, ол соңғы қорытындыда қаржыны өте көп үнемдеуге әкеледі.
• оларды жасау және қолдану процесі компьютерлік техника көмегі арқылы жүзеге асырылады.
Ақпарат қоғамдық қатынастардың өнімі бола түседі, тауарлық қасиетті иеленуді бастайды, сатып алу-сату нысанына айналады.

I. Компьютерлік қылмыстың пайда болуы

Соңғы уақыттарға дейін компьютерлік қылмыс тек шетелдік капиталистік елдерде ғана болады деп есептелініп келді, компьютер әлсіз дамыған елдерде ол мүлдем болмайды деген түсінік болды. Біздің ойымызша, дәл осы жағдай ғана осы проблемалардың жеткіліксіз қарастырылуына әкелген. Біздің еліміздегі компьютерлік қылмыстың пайда болуы бұл өз ғылыми процестерінің күші мен өз қызметінің кең компьютерленген кезеңіне өтіп отырған көріністің барлық мемлекеттерге тән екен деген қорытындыға алып келеді.

1.1 Компьютерлік қылмыс туралы жалпы түсінік

Қоғамды компьютерлендіру процесі компьютерлік қылмыстардың санының артуына алып келетінін айтуға болады. Мұнда бұл түрдегі қылмыстардан келетін материалдық шығын үнемі өсуде. Осы арада айтатын нәрсе, отандық криминалистикада компьютерлік қылмыс деген түсініктің анықтамасы әзірге жоқ. Кейбіреулер компьютерлік қылмысты айрықша топтағы қылмыс деп көрсетпей, тек қылмыстың компьютерлік аспектілері жайлы айтуға ғана дұрысырақ болады деп санайды. Осы мәселе бойынша басқа да көзқарас бар, бірақ біз бір анықтаманы ажыратып көрсетер едік. Ол компьютерлік қылмыс - заңға қайшы әрекет, оның жасау нысаны мен құралы электрондық - есептеу машиналары деп түсінеміз.

1.2 Компьютерлік қылмыстарды атқарушыларға сипаттама

Компьютерлік қылмыстардың криминалистік сипаттамасы басқа қылмыс жасаудан нақты спецификасымен айрықшаланады. Бірінші кезекте оған құқық бұзушының жеке басы туралы криминалдық мәні бар мәліметтер, оның қылмыстық тәртібінің мотивациясы мен алға қойған мақсаты, типтік әдістер, қылмысқа бару заттары мен орындары, сондай-ақ жәбірленуші тарапы туралы мәліметтер кіреді. Қылмыс жасаушының жеке басы туралы мәліметтер ақпараттардың екі спецификалық топтарында жинақталады. Біріншісінде белгісіз қылмыскердің қалдырған іздері, сондай-ақ оның жеке басын анықтау басқа да жолдармен анықтау, оған іздеу салу және ұстау туралы мәліметтер болады. Мұндай ақпарат ортасында қылмыскер болуы мүмкін қайсыбір топтың жалпы қасиеттері туралы түсінік береді. Екінші топ ұсталған күдіктінің немесе айыпталушының тұлғасын зерттей отырып субъектінің жеке тұлғасын бағалау мақсатында алынған ақпараттарды қамтиды. Мәліметтерді осылай топтарға бөлу бара келе қылмыскерлер категориясының типтік моделін ажыратуға, қалайша қылмыскерлердің типтерге бөлуді жүргізу ісін өткізуге көмектеседі. «Компьютерлік» қылмыскерлерді мынадай шартты топтарға бөлуге болады:

II. Компьютерлік қылмысты жасау тәсілдері

Қылмысты жасау тәсілдері құқық бұзушының қылмыс жасау үшін дайындығы, жетілдіруі және жымын білдірмеуі бойынша спецификалық әрекеттер кешеніне сүйенеді. Қарапайым жағдайда қылмыскерлер осы әрекеттерді жасай отырып оқиға орнында нақты бір іздер қалдырады, ол келе бара болған жағдайдың суретін қалпына келтіруге, құқық бұзушының қылмыстық тәртібінің өзгешелігі туралы түсінік, оның жеке тұлғалық мәліметтері туралы түсінік алуына мүмкіндік береді.
Көршілес мемлекетіміз, Ресейде, криминалистік ғылым компьютерлік қылмыстарды жасау тәсілдері сипаттамасы мәселесін тек 90 жылдардың басында ғана бастады. Бұл ретте шетелдік зерттеушілерден табандатқан 20 жылдай артқа қалып қойдық. Біздің ойымызша, біздің зерттеушілеріміз шетелдік әріптестердің тәжірибелерін қолдануы тиіс. Қазіргі кезде компьютерлік қылмысты жасаудың 20-дан аса негізгі әдістері мен 40-шақты түрлерін көрсетуге болады. Олардың саны үнемі өсуде. Компьютерлік қылмысты жасаудың негізгі 4 түрінің топтарын көрсетеміз.

III.Компьютерлік қылмысты алдын алу шаралары

Компьютерлік қылмыстардың барлық түрін дерлік болдырмауға болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдары түрлі алдын алу шараларын қолдануы тиіс.Бұл жағдайда алдын алу шараларын қылмысты ашуға, олардың тудыру себебін жою, қылмысты жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтауға бағытталған қызмет деп түсіну керек. Біздің еліміз де компьютерлік қылмыстардың алдын алу әдістері мен құралдарын әзірлеумен криминалистика ғылымы айналысады. Қылмыстарды жасау және оларды ашу кезіндегі қылмыстық - релеванттық ақпараттар және осыларға негізделген қылмыстарды ашу, тексеру және алдын алу әдістерінің заңды қозғалысы туралы ғылым. Анықтамадан көрініп тұрғандай, қылмысты ескерту криминалистика әдістемесінің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

3.1 Компьютерлік қылмыстарды ашу және әшкерелеу тәжірибесі

Компьютерлік қылмыстарды ескертудің құқықтық және ұйымдастыру-техникалық шаралары жүйесін қолдану, сөзсіз, компьютерлік қылмыспен күрестегі бір жетекші бағыт болып табылады. Бірақ бір ескету шаралары үнемі қылмыстық әрекеттерді болдырмауға күші жетпейді. Бұл белгілі жайт. Оның үстіне компьютерлік жүйелер мен электрондық жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен айналысатын жетекші мамандар сөз пайдаланушыларына машиналық ақпараттағы, айналымдағы ақпараттардың толық жасырындығы мен сақталуына кепілдік беретін абсолютті сенімді электрондық жүйенің әлемде жоқ екендігіне бірауыздан пікірлес болып отыр. Осыған орай компьютерлік техника құралдарын қорғау мәселесімен ғана емес, сондай-ақ компьютерлік қылмыстарды әшкерелеу мәселесін де шешу керектігі туындайды. Көрсетілген қажеттілік егер де ескерту шаралары түгесілген жағдайда, сондай-ақ заңға қарсы шаралардың орын алуына толық дәрежеде мүмкіндік бермеген жағдайда туындайды.

3.2 Компьютерлік қылмысты шешудегі туындайтын қиындықтар

Біз компьютерлік қылмыс категорияларына жатқызған заңға қайшылығы болмашы көрінетін әрекеттің астарында аса ірі көлемде ақша, қаржы қымқыру қылмысы жатады. Оны тануға маманның көзі қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілер компьютерлік қылмыстардың осы бөлігін тергей келе сол сәтінде шеше алмайтын қиындықтарға кездесіп отырады, олардың арасынан төмендегілерді көрсеткім келеді:

Қорытынды

Қорыта келе айтатынымыз, компьютерлік қылмысты жасау әдістері көп және барған сайын көбеюде. Бұл компьютерлік техника құралдарының жетілу шамасына қарай жүреді. Ал компьютерлендіру шет мемлекеттермен немесе көршілес мемлекетіміз Ресейге қарағанда әлі де төмен деңгейде, алайда даму барысында. Әсіресе, компьютерлік қылмыстан жапа шегушілер жоғарыда атап өткеніміздей: заңды тұлғалардың (мекеме, ұйымдар мен меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорын т.б.) компьютерлік қызмет көрсетуі кең қолданылуда.