Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 74 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының өндірістік ұйымдарында еңбекті және оның төлемақысының есебі


Жоспар
Кіріспе 3
І Бөлім. Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының жағдайы 7
1.1 Еңбек нарығы туралы әдебиеттерге шолу 7
1.1.1 Тиімді жалақы және көзге көрінбейтін келісімнің негізгі моделі 10
1.2 Аумақтық ауылшаруашылық басқармасының жарғысы және құрылымы 16
1.3 Мақтарал аудандық аумақтық басқармасының өндірістік бөлімшелерінің сипаттамасы 29
ІІ Бөлім. Еңбеккерлердің,қызметкерлердің құрамының есебі 37
2.1 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны және жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар 37
2.2 Орташа жалақыны есептеу тәртібі 47
2.3 Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айрысу есебі 51
ІІІ Бөлім. Еңбек және еңбекке ақы төлеудің аудитін жетілдіру жолдары 54
3.1 Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызметі» туралы заңы 54
3.2 Аудиттің жұмысын жүргізу үшін жасалатын шарт және оның мазмұны 63
3.3 Аудиттің негізгі міндеттері тұжырымдамаларын түзу жолдары 67
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер 74

Кіріспе
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек нарықтың шама-шарқы жетпейді.
Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікті үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет.
Еңбек нарығы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.

Менің диплом жұмысымның тақырыбы: Мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының өндірістік ұйымдарында еңбекті және оның төлем ақысының есебі. Бұл жұмыс мақтарал аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтері негізінде әзірленді.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Еңбек нарығының аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түріне ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағыттау.
Диплом жұмысы барысында - ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының жағдайы, аумақтық ауылшаруашылық басқармасының жарғысы және құрылымы сонымен қатар аудандық аумақтық басқармасының өндірістік бөлімшелерінің сипаттамасы, қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айрысу есебі,орташа жалақыны есептеу тәртібі және еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны және жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар қарастырылған.

І Бөлім. Ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығының жағдайы
1.1 Еңбек нарығы туралы әдебиеттерге шолу
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдалатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезеңде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет заттарға айырбасталынды. Демек, еңбек нарығы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ. [1,5-бет]
Еңбек нарығы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:

1.1.1 Тиімді жалақы және көзге көрінбейтін келісімнің негізгі моделі
Тиімді жалақы теориясының негізгі ойы мынадай фирма өз қызметкерлеріне тепе-теңдік деңгейінен жоғарғы жалағы төлеуден пайда түсіруі мүмкін. Фирма мен қызметкерлер арасындағы еңбек келісімі бойынша, жалақы белгілі еңбек еткені үшін беріледі, деп келіседі. Ал осы келісім орындалған кезде екі жақ та белгіленген шарттан бас тартуы мүмкін. Мысалы, қызметкерлер сапасыз және аз көлемде еңбектелуі мүмкін. Сондықтан осындай іске жол бермеу үшін, жұмыс беруші оны қадағалап отыру керек. Қызметкер жалқауланса, оны жұмыстан босатуға болады.
Бәсекелестік еңбек нарығында тепе-теңдік жалақы орнау жағдайында босатылған қызметкерлер тез жұмыс тауып алуы мүмкін, сондықтан оны жазалау қиын; жұмыс беруші тұрақты қадағалау амалсыз үлкен шығынға ұшырайды.

1.3 Мақтарал аудандық аумақтық басқармасының өндірістік бөлімшелерінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

ІІ Бөлім. Еңбеккерлердің,қызметкерлердің құрамының есебі
2.1 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны және жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы-бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында берілгендер көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады. .[4,354-бет]
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «еңбек ақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

2.2 Орташа жалақыны есептеу тәртібі
Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс күні болып саналады.
Еңбеккерлердің орташа күндік, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.
Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін.

ІІІ Бөлім. Еңбек және еңбекке ақы төлеудің аудитін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызметі» туралы заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметі жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдары:

3.2 Аудиттің жұмысын жүргізу үшін жасалатын шарт және оның мазмұны
Аудит жұмысы - бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.
Аудит теориясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:
Бірінші сатысы: жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдары үшін шарт жасау кезеңінен басталады. Олай дейтін себебіміз: аудитор ұйымы өзінің, тапсырушының аудит жүргізерден бұрын оның қаржы-шаруашылығына толық зерттеу жасап, алдын-ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақты материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал-жабдықтың жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.

3.3 Аудиттің негізгі міндеттері тұжырымдамаларын түзу жолдары
Қаржы есебінен мәліметіне субъект басшысы жауапты. Біздің міндетіміз сол қаржы есебіне тексеру жасап, аудиторлық қорытынды беру.
Біз аудиторлық тексеруді Қазақстанның аудит стандартының талабына сәйкес жүргіздік. Ондағы анықталған мақсат бойынша, қаржы есебінің дұрыстығын, айтарлықтай кемшілігінің жоқ екенін анықтап бухалтерлік есеп көрсеткіштерін негізге ала отырып аудиторлық қорытынды мазмұнын анықтау. Сол үшін субъектінің шаруашылық барысының тапсырушы шартында көрсетілген объектілер тексеріледі. Нақты айтқанда, банк операциясы, касса операциясы, өндіріс процесі, дайын өнім сату және қызмет көрсету әрекеттері, еңбек ақы, төлем есебі, бюджет пен әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен есеп айырысу, негізгі құрал және материалдық емес активтер, несие алу және оны төлеу операциялары тексеріледі.

Қорытынды
Қорыта келе қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін мамандар бөлімі жүргізеді. Жұмыс беруші қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты - жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орын, келісім шарттың мерзімі, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқада мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады және тараптардың жауапкершілігі міндеті, құқықтары белгіленеді.
Дегенмен де келісім-шартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасалады: міндетті зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталады.
Өндіріс технологиясымен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқада жайларын компьютерлендіру деңгейінің әр түрлі әдістері қолданылады.
Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттар тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.