Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Макроэкономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Монополистік бәсеке

Жоспар

Кіріспе 3
1 Монополистік бәсеке түсінігінің шығуы 4
1.1 Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі 4
1.2 Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы 8
2 Қысқа мерзім ішіндегі фирма және нарық 11
2.1 Монополистік бәсеке жағдайында фирманың пайданы максималдауы 11
2.2 Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы 17
3 Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі 20
3.1 Бағалық бәсеке кезіндегі монополистік тепе-теңдік 20
3.2 Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты 22
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Нарықтық экономикалық қарым-қатынастар жүйесін орнықтыру – Қазақстан Республикасында, тағы да басқа бұрынғы социалистік елдерде атқарылатын реформаның түп қазығы іспеттес. Нарықтық экономиканың әміршілдік-жоспарлықтан басты айырмашылығы-өндірісті дамытудың негізгі қозғаушы күші және реттеушісі ретінде бәсекелестіктің пайда болуы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бәсекелестік қарым-қатынастарды қорғау және өркендету, монополияға қарсы заң және соған негізделген мемлекеттік реттеу мемлекет белсенді түрде кірісетін негізгі аясының бірі болып табылады. Әміршілдік-жоспарлы жүйеде монополизм әлеуметтік бағдардың кепілі және негізгі сипаты да, ал монополияға қарсы саясат жоқтың қасы болболды, сондықтан да мемлекеттік монополияға қарсы саясатты жасақтау- мемлекеттің өтпелі кезеңдегі ең маңызды ұйымдық-басқарулық парызы болмақ.
Монополияға қарсы саясат мемлекеттік реттеу жүйесінің құрамдас және қажетті бөлігі болып табылады және оның басқа да әдістерімен, түрлерімен тығыз байланыста, сондай-ақ бұл өзара әрекет пен өзара кірігу жылдан-жылға күрделі де сан алуан боп барады. Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, баға мен сыртқы сауданы ырықтандыру, кәсіпкерлікті дамыту ең ақырында бәсекені дамытуға арналған. Бұл жерде монополияға қарсы саясат үйлестіруші буын боп шығады.

1.1 Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі

Нарықтық қатынастардың мәп-мағынасын байқатып ұғымдардың бірі – бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені- өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмі қалыптастыру ретінде белгілі.

1.2 Монополистік бәсекенің пайда болу жағдайы

Монополистік бәсеке оншақты фирма шаруашылық еткенде және олардың арасында жасырын келісімдер мүмкін емес жағдайда пайда болады.Әр фирма өз жауапкершілігінен тәуекел етіп, өзінің бағалық саясатын анықтайды. Бәсекенің басқа барлық қатысушыларының әрекеттерін болжап, есептесу мүмкін емес.
Монополистік бәсеке өнім дифференциациясы қажет жағдайда және өз тауарларының өтімі үшін тұтынушылардың көзқарасын есепке алғанда өркендейді. Монополистік бәсеке тұтыну бұйымдарын өндіретін салаларда кеңінен көрсетілген. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету өрісінде бізге көптеген мысалдар береді: көйлек, костюм, пальто, тері өнімдері, кафе, театрлар, эстрада және тағы басқалар. Өнім дифференциациясы тауардың сапа ерекшеліктерінде ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатароның қызмет етуіне де байланысты. Әдемі безендіру, дүкеннің орналасқан жері мен жұмыс істеу уақыты, келушілерге ең жақсы қызмет көрсету, бағадан жеңілдікпен қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауының себебі болып табылады.


Фирма аз уақыт ішінде пайданы қалай алса, шығынды да солай шығарады. Бірақ, салада жоғары тосқауылдың болмауы, нақты экономикалық пайда табатын фирмалар, басқа кәсіпкерлердің ұмтылуына әкеп соғады. Нәтижесінде ұзақ мерзім ішінде анологты жетілген бәсеке жағдайы туады: пайда да жоқ, шығын да жоқ (экономикалық пайда нөлге тең).
Монополистік бәсеке жағдайында фирманың өнім шығару көлемі, жетілген бәсеке жағдайымдағыдан аз, ал орташа жалпы шығын мен баға жоғары.

2 Қысқа мерзім ішіндегі фирма және нарық

Қысқа және ұзақ мерзімнің экономикадағы мінездемесі уақыт ұзақтығымен байланысты емес. Өнім теориясында қысқа мерзім көлемі бір өндіріс факторларының көлемі ауыспалы болып табылады, ал басқалары – тұрақты, сонда ұзақ уақытта қолданылатын факторлар көлемі өзгермелі болады. Шығындар теориясында біз қысқа мерзімдегі тұрақты және өзгермелі шығындарды айырдық, ал ұзақ мерзімде барлық шығындар түрі өзгермелі екенін болжадық.
Тез мерзім деп әр фирманың шығаруы мен фирмалар саны салада белгіленген соншалықты қысқа мерзім.
Қысқа мерзім деп, әрбір фирманың өндіру қуаттылығы сол уақыт ішінде белгіленген ( завод, фабрика және басқа да өндірістердің көлемі мен саны), бірақ,шығару қолданылған өзгермелі факторлардың көлемінің өзгеруіне байланысты ұлғаюы және төмендеуі мүмкін.Саладағы фирмалардың жалпы саны өзгермейді.

2.2 Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы

Бағадан ұсыныс функциясын берілген тауардың бағадан ұсыныс мөлшерінің тәуелділігі. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі ұсыныс қисығы оның шығындарының қисығының бөлігімен үйлесімді.
5-суретте шекті (SMC), орташа жалпы (SATC) және орташа өзгемелі (SAVC) шығындар көрсетілген. Р1 кезінде оң (болымды) пайда максимумына шығарғанда жетеді(q1), яғни А нүктесі SMC қисығы берілген пайда максималдаушы фирманың ұсыныс қисығында жатады.

3 Нарықтағы монополистік бәсеке тепе-теңдігі

Экономистер шығаруды өзгермелі шешім ретінде қарастырып, фирма үшін таңтау объектісі болып табылмайтын өнім сапасын қабылдайды.Бұл, кез-келген сапа түрлендіруінен басқа, негізгі ұсыныс біртекті тауарлар болатын жетілген бәсеке және монополия жағдайы үшін қолайлы.
Өнімнің біртектілік ұсынысынан бас тартсақ, біз фирмаға өндірілетін өнім сапасын таңғдау және оларды түрлендіру қабілетін үлестіреміз. Бұл қабілетке біртекті емес субъектілер немесе дифференциалданған олигополия ие. Бірақ бұдан да көп мөлшерде монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін , өнімнің біртекті еместігі сатушылар үшін бәсекеге монополистік мінез беретін фирмаға тән.Бұл жерде сапа таңдау және оның өзгеруі бағамен қатар ең маңызды өзгермелі шешім болып табылады.

3.2 Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу,сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Г. Нұрмолдақызы Заң қабылданып еді , монополистердің монологы естіле бастады. /Жас Алаш 1998 жыл 6 тамыз
Егеменді Қазақстан Табиғи монополиялардың тарифтері төмендетілді. 1998 жыл 29 тамыз
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормалық құқықтық акт бюллетені 2000 №2.
Қадырбеков Б. Экономиканы монополсыздандыру реформаның басты бағыты /Қаржы-қаражат 1996 №5