«ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ қызметіне техникалық экономикалық талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ҰК «ҚТЖ» АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
2 «ҚТЖ»ҰК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ 12
3 ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 25
КІРІСПЕ
Кәсіпорында шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, дайын өнім, жылу, энергия, отын, т.б. ресурстарды тасымалдау, пішу, түсіру, жылжыту жұмыстары мен көлік шаруашылығы айналысады.
Ұйымдастыру деңгейі кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның материалдық құндылықтарының тасымалдануына, сақталуына, сапа көрсеткіштеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне әсерін тигізеді.
Кәсіпорын көлік шаруашылық міндетіне барлық тиеу, түсіру және тасымалдау жұмыстарын тиімді жүргізу жатады.
Көлік шаруашылық қызмет 3-ке бөлінеді:
1 ҰК «ҚТЖ» АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1997 жылы Алматы, Целинный және Шығыс Қазақстанның темір торабтарының бірігуі арқылы «Қазақстан Темір Жолы» мемлекеттік республикалық кәсіпорыны құрылды. Үкіметтің 15 наурыз 2002 жылғы № 310 «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компания» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылуы туралы жарлық бойынша «Қазақстан Темір Жолы» мемлекеттік республикалық кәсіпорыны Акционерлік Қоғамға қайта құрылды, ол ең жас, әрі республикадағы ең ірі Акционерлік Қоғам болып есептеледі, оның активтері 6 млрд. доллардан астам.
Акционерлік Қоғам «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» көлік саясаты аясындағы басқарушы органы – Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі болып табылады.
3 ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Негізгі шаруашылық жұмысшыларының саны және еңбек ақысы.
ҰК «ҚТЖ» АҚ негізгі қызметінің 2006жылдың 1кварталында факт бойынша жұмысшылар саны – 79926 адам. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 633адамға (0,8%) артық екенін көрсетеді. Жұмысшылар санының өсуі шаруашылық жолдарының өсуімен және магистральды жүйе Дирекциясын басқару аппаратының құрылуымен тығыз байланысты. Орталық аппаратты басқару жұмыскерлерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 421адамға немесе 16,2% артқан. Сигнализация және байланыс шаруашылығында – 2,1% төмендеген. Себебі Ғылыми - өндірістік орталықтың құрылуымен және оған материалды-техникалық қамтамасыздандырудың қосылуымен. Вагон және жүк шаруашылығында адамдарды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару салдарынан жұмысшылар санының азаюы байқалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өзімнің практикалық жұмысыма келесідей қорытынды жасадым.
2006жылдың 1кварталында жүргізілген талдау жұмыстарын қорытындылай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:
2006жылдың I кварталында жолдың келтірілген өнімі 45,7 млрд. т-км., белгіленген жоспармен салыстырғанда 2,7%-ға немесе 1,2 т.км., 2005жылдың I кварталының деңгейінен 10,3%-ға немесе 4,3 т.км.артық. Жоспардан артық орындалу себебі жүк айналымының 2,4%-ға, тасымалдау айналымының 7,3%-ға артқанынан көрініп отыр. Келтірілген өнім көлемінің динамикасының өсуі жүк айналымы көлемінің 9,8%- ға және жолаушылар айналымының көлемінің 18,1%-ға артуы әсер етті.
Тарифті жүк айналымының 2,4%-ға жоспардан артық орындалуы 1тонна жүктің тасымалдануының орташа қашықтығының 2,9%-ға өсуінен көрініп отыр. Тасымалдау көлемі жоспардан 0,5%-ға аз орындалды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның уставы. Астана қаласы, 2002 жыл
2. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның есепті саясаты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Директорлар жиналысының № 9 протоколы 5 қыркүйек 2003 жыл
3. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылымы
4. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның эксплуатациондық қызметіне талдау. Кенжинов Р. Астана қаласы, 2006 жыл.
5. Экономика Департаменті Статистика Басқару бөлімі