Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық қудалау және ақтау


1.Қылмыстық қудалаудың ұғымы мен түрлері.
2.Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы түрде жүзеге асыру ерекшеліктері. Жариялы түрде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру тәртібі.
3.Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсуді сырттай жүзеге асыру: негіздері және процессуалдық тәртібі. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауапқа тарту.

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушы ретінде прокурордың орны мен мәнділігі ҚР Конституциясының, қолданып жүрген ҚІЖК және ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заң күшібар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған зандарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады.

Прокурордың өкілеттігі іс жүргізудің кезеңіне және өздері жүзеге асыратын нақты функцияның шегінде ұстанатын көзқарасына байланысты өзгеріп отырады.
Прокурордың құқықтық мәртебесі сот әділдігін аткару кезінде прокуратура органдары шешетін міндеттер жүйесімен тығыз байланысты. Мұндай міндеттерге мыналар жатады:

Істің мән-жайын тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және анықтау жүргізетін тұлғаға жүктеледі. Бірақ өзге де қылмыстық іс жүргізу функциясын жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, прокурор қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отырып, бір мезгілде заңдылықты сақтау, іс бойынша процессуалдык іс жүргізуді өткізу сияқтыаралас екі функцияны да жүзеге асырады.