Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Агроөнеркәсіп өндірісіндегі кооперация мен интеграцияның мәні мен дамуы

Агроөнеркәсіп өндірісіндегі интеграция проблемалары нарықтық экономика жағдайында ғылым зерттеушілерінің қайта назарын аударып, теориялық және тәжірибелік сұрақтары әлі де болса зерттеуді талап етуде. Экономикалық интеграцияның ұлттық шаруашылық деңгейінде, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында да орны бар. Экономикалық интеграцияда өндірістік технологиялық байланыстардың кеңеюі, ресурстарды бірігіп пайдалану, қаржылық біріктіру, экономикалық әрекеттерді іске асыруда бір-біріне жағдай жасау, арадағы кедергілерді жою қатынастарынан көрініс табады [1].

Біздің ойымызша, аталған өндірістік кооперация мен интеграция формаларының анықтаушы рөлі - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тән болуы керек, олар номенклатураны, өндіріс көлемі мен мерзімін, іс-әрекет мінездемесін және т.б. жағдайларды келісіп отырады.
Ол үшін кәсіпорындардың әрекеттерінің бірлескен бағдарламасы жасалуы керек, онда кооперация мүшелерінің экономикалық қарым-қатынасын этап бойынша дамуын алдын-ала қарастыру, өнім өндіруден бастап және оны ұйымға жеткізу, құрылған интеграцияның қалыптасу шеңберінде біртіндеп қатал экономикалық байланысқа көшу және біріккен еңбек соңғы нәтижесін орнықтыру т.б.

Ресурстарға бағаның жиі өзгеріп тұруына және өнім өндіруде шығын деңгейіне байланысты өзара есеп айырысудың рационалды жүйесі соңғы өнімді сатудан түскен табысты әріптестер арасында бөлу варианты табылады.
Кооперация мен интеграция процесінің белсенділігін арттыру үшін келесі іс-шараларды жүргізу қажет: