Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары


Жоспар
I Еңбек ақының теориялық негізі 3
1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары 3
1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі 9
II Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері 12
2.1 Еңбек ақы формалары мен жүйелері 12
2.1.1 Еңбек ақының тарифсіз жүйесі 14
2.1.2 Еңбек ақының тарифтік жүйесі 15
2.1.3 Еңбек ақының сыйақылар жүйесі 16
2.2 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ның ұйымдастық - экономикалық сипаттамасы 17
2.3 Еңбек ақы туралы мәліметтерді өңдеуде қолданылатын компьютерлік бағдарлама 19
2.4 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы бойынша еңбек ақыны талдау 21
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

I Еңбек ақының теориялық негізі

1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы - бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы –оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.
Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:

1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі

Еңбек ақыны ұйымдастыру шаралары көбінесе өнеркәсіп мекемелінде шешілетініне қарамастан, мемлекет маңызды әлеуметтік нормативтерді ( яғни, еңбек ақының минималды деңгейін анықтау, кедейшілік кәшегін анықтау және Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудағы заңнамаларды келтіру) белгілеу шараларын жүргізеді.
Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтері келесі суретте көрсетілген:

II Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері

2.1 Еңбек ақы формалары мен жүйелері

Еңбек ақы жүйесі ретінде еңбек көлемін сипаттайтын жұмыскердің еңбек нәтижесіне және белгіленген жұмыс күші құнына сәйкес еңбек ақы алудың кепілдігі сияқты көрсеткіштердің өзара байланысы түсіндіріледі.
Еңбек ақы формасы –бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегін кезінде арқылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы .
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі формасы кең таралған: келісімді (немесе өндірілген өнімге байланысты) және уақыт бойынша.

2.1.1 Еңбек ақының тарифсіз жүйесі

Еңбек ақыны тарифсіз есептеу – мекеме мен кәсіпорынның шын мәніндегі экономикалық көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кездерде өнеркәсіп орындарында еңбек ақының бұл жүйесімен есептеу компанияларда жиі қолданылады. Жұмыскерлердің еңбек ақысын есептеу мен оны беру тәртібі ұжымдық шарттарда жан-жақты көрсетілуі тиіс, бұл мекеменің негізгі басшылыққа алатын заңды құжаты болып табылады.

2.1.2 Еңбек ақының тарифтік жүйесі

Еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша – еңбек ақы өнімнің түрі, сапасы және санына қарай реттеледі. Сондықтан да еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша жұмыскерлер ақылары, олардың біліктілік деңгейлеріне, еңбек өнімділігіне байланысты белгіленіп реттеледі.