Ақша түсінігі
Жоспар
Кіріспе 3
1. Ақша түсінігі 5
1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы 5
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні 10
1.3 Несие ақшалар 11
1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы 16
1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері 23
1.6 Ақша айналысының заңы 23
2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 26
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары 26
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге 32
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары 35
2.4. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары 36
2.5 Қазақстандағы карточка жүйесі 41
Қорытынды 44
Қолданылған әдебиеттер 46
Кіріспе
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
1.3 Несие ақшалар
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.
1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері
XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды, алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар – доллар, евро, иендер т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады.
1.6 Ақша айналысының заңы
Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды.
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Қорытынды
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.
Қолданылған әдебиеттер
1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.
2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.