Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 52 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Заттық құқық


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 – ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Заттық құқықтың ұғымы 5
1.2 Заттық құқықтың белгілері 6
1 – ТАРАУ. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ 11
2.1 Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы заттық құқық 20
2.2 Заттық құқық пен меншік құқығының анықтамасы 24
3 – ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ 31
3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 31
3.2 Қазақстан Республикасының меншік заттық құқығы туралы заңдардың дамуы 33
3.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 36
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52

КІРІСПЕ
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.

1 – ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы
Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенін затын меншіктену құқығын еншілей алады.
Олардың ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

1 – ТАРАУ. МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ақ менік құқығын қорғайтын зандық жүйелердің құрылатындығы айтылған.
Меншік құқығының зандық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.

2.1 Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы заттық құқық
Қазақтардың заттық құқығы азаматтық құқықтың арнайы зерттеу пәніне айнала қойған жоқ. Әдет-ғұрып құқығының нормаларын зерттеп білуге байланысты заттық құқықты талдау тарихи-этнографиялык тұрғыда ғана қолға алынды.
Қазақтардың заттық құқығы тарихымыздың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Қазақ халқының заттық құқығының тарихын түбегейлі әрі нақты зерттеу Қазақстан Республикасының қазіргі азаматтық заңы үшін тек танымдық қана емес, тәжірибелік саяси мәні бар екендігін баса айтуымыз керек.

2.2 Заттық құқық пен меншік құқығының анықтамасы
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

3 – ТАРАУ. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады,» - деп жазылған.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда - жеке (191 -бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

3.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).

ҚОРЫТЫНДЫ
Заттық құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығымен көрсетілген өкілеттіліктерін толығымен заңды жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсетеді. Яғни субъектінің мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығынан тұрады.
Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенін затын меншіктену құқығын еншілей алады.