Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Мазмұны
Кіріспе 3
І-Тарау. Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі 7
1.1 Шетелдік қазақтардың тілі жайында 7
1.2 Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы қазақтардың тілінің зерттелуі 10
1.3 Тәжікстан қазақтары тілінің зерттелуі 14
1.4 Өзбекстан қазақтары тілінің зерттелуі жайы 18
1.5 Түрікменстан қазақтарының тілдік зерттелу жайы 24
1.6 Қарақалпақ қазақтарының тілдік зерттелуі 34
ІІ-Тарау. Алыс шетелдік Қазақтардың тілінің зерттелуі 40
2.1 Ауған-Иран қазақтары тілінің зерттелуі 40
2.2 Қытай қазақтары тілінің зерттелуі 50
2.3 Монғолиядағы қазақтардың тілінің зерттелуі 55
Қорытынды 61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 65
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты. Дүние жүзінің өркениетті елдерінің бәрінде этникалық ортасынан сырт жерлерде өз қандастарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында байланыс жасап, оларға әр қырынан үнемі қолдау көрсетіп отыру, сонымен қатар олардың ата жұртына оралуына мүмкіндіктер жасап, көмектесу ежелден бар дәстүр. Қазақ диаспорасының тағдыр-талайы өркениетке иек артқан Қазақстан Республикасы бей-жай қарай алмайтындығының басты себебі – Қазақстан шетелдегі қазақ ұлты өкілдерінің бірден-бір тарихи Отаны. Сондықтан да, Қазақстан олардың қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде қай елде жүрмесін, қай қоғамда өмір сүрмесін ұлттық құндылықтары ана тілін, мәдени-рухани байлығын сақтап, дамуына әрқашан да қамқорлық жасайды. Президент Жарлығымен бекітілген «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы», осының айқын дәлелі болады. Қандай да бір ұлттың ұлттық қасиетін, ұлттық құндылықтарын қалыптасуы, кемелденіп өркендеп дамуы, әлемге әйгілі болуы, не болмаса уақыт ағымымен басқа ұлтқа сіңісіп жоқ болып кетуі, бір сөзбен айтқанда, ұлт тағдырын тіл тағдырына сай шешеді. Демек, тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың өміршеңдігінің бірегей белгісі. Этникалық ортасынан тыс жерлерде өмір сүріп отырған қазақ ұлтының өкілдері қай мемлекетте болмасын ұлттың аз санды құрамына жатады. Қазақ диаспорасын ғылыми түрде зерттеу соңғы кезеңдерде көтеріліп жүрген мәселелерге жатады. Бірақ, Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз егемен ел болып жеке құрылғаннан кейін, елімізде қалыптасқан тілдік жағдаятқа байланысты өзіндік тілдік ұстанымын жасады.
І-Тарау. Жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
1.1 Шетелдік қазақтардың тілі жайында
Қазақ диаспорасының кешенді мәселелерін зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе – алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының түрлі деңгейдегі көріністері және этникалық дүниетанымындағы күрделі өзгерістерді зерделеу.
Алыс және жақын шет елдегі тегі қазақтың жалпы саны 6 млн. 500 мың (метис пен маргиналдарымызбен бірге). Салыстыру үшін айталық, бұл моңғол (6 млн.) санымен теу, манчужурлардан (4 млн.) көп.
Өзбекстандағы бұл таза қазақтар. Ал маргиналдары мен метистерді қосып есептесек қазақ-өзбек болып жүргендермен бірге, ондағы исі қазақтар бүгінде 3,0 млн-ға жетіп жығылады. (Ондағы құрама, қоңырат, қыпшақ, наймандармен бірге).
Ресейде ғана емес, Украина мен Белоруссия, Балтық пен Молдова әбден орыстанған дүбара-метис, не мәңгүрт қазақтар тағы баршылық (шамасы 250 мың болады).
Қырғызстанда да ашаршылық кезінде сіңіп кеткен қазақ-қырғыздар баршылық. Шамамен 200 мыңға жетіп қалады.
Қытай мемлекетінің ресми статистикалық көрсеткіші бойынша, жобамен метистерді қосқанда 2,0 миллионнан астам қазақ бар.
1.2 Ресей және басқа жақын шетелдік аймақтағы қазақтардың тілінің зерттелуі
Тіл – ұлттық сананың киелі де мәйегі. Тіл – тірлік пен бірліктің де, ынтымақ пен ырыстың да, тіршілік пен бейбітшіліктің де негізгі басы. Мойындау мен табынудың да, мойындату мен табынудың да басталуы, таңдану мен таңғалудың да, таңдандыру мен таңғалдырудың да басы осы тілден басталады. әлемдегі таңдау мен дамудың басы, ұлттық рухани байлықтың да, рухани баюдың да негізгі бастауы да осы тіл арқылы көркейіп, даралана дамиды.
«Ұлттық қадір-қасиетті жою ұрпақты түбегейлі надандыққа, мәңгүрттікке, кещелікке құлатып, күйрете өшірудің де, рухани жұтатудың да, сатқындық жолға түсірудің де, қастандықтың да басы осы тіл арқылы іс-жүзіне асырылып, зұлымдықтың сан қилы нақты айла-амалдары, әдіс-тәсілдері ширайды. Саясаттағы небір әрекеттер атаулының бәрі тіл мен діл арқылы жоспарланып, оны жүзеге асыру құпиясы аса терең әрі нәзік келеді. Ол ұрпақтың бойындағы ұлттық нәзік қабілеттің, намысқойлық пен адалдықтың рухында жатыр. Ұлтына деген қамқорлық жасаудағы рухты тірілту кемеңгерлік пен көрегенділіктің ірілігінде, кісілігінде, тұлғалығында жатыр»- дейді Молдағали Матқанұлы (3, 123-124).
Ал, қазақ мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді үйрету бөлімінің бастығы Ғалым Тыныбай былай дейді:
1.3 Тәжікстан қазақтары тілінің зерттелуі
Тәжік жерінде тұратын қазақтардың тілі жөніндегі мәлімет күні бүгінге дейін тым тапшы. Қазақ ССР Ғылым академиясының диалектологиялық экспедициясының бұл өлкеде тұңғыш болуы – 1974 жыл. Колхозабадта өткен халық санағының дерегіне қарағанда, онда екі мыңға жуық, Вахшта мың жарымға жуық қазақ бар. қазақтардың бұл өңірге орналасуындағы бір ерекшелік, олар бытыраңды түрде емес, ауыл-ауыл болып, совхоз орталықтарында, совхоз бөлімшелерінде шоғыр, жинақы орналасқан. Мәселен, Вахш ауданының «Москва» совхозында, Колхозабадтың өз басында халықтың көпшілігі қазақ екен. Осылайша шоғырланып орналасқан себепті олардың тілінің негізгі структуралық белгілері көп заман бойы өзге тілдік қоршауда болуына қарамастан, әлі күнге бағзы қалпында жақсы сақталған. Жергілікті қазақтардың тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құбылысын, сөз байлығын – бұлардың қай-қайсысын алсақ та, олардың бойында қазақ тіліне жалпы ортақ белгілердің мол екені айқын сезіледі. Дегенмен, бұл жердегі қазақтардың недәуір ықпал жасағанын мойындамасқа болмайды.
ІІ-Тарау. Алыс шетелдік Қазақтардың тілінің зерттелуі
2.1 Ауған-Иран қазақтары тілінің зерттелуі
Зерттеуге негіз болып отырған нысан - 1917-1930 жылдары ауған мен Иранға ауа көшіп, сол жерді сексен жылға жуық мекен етіп, 1993 жылдан бастап туған Отаны Қазақстанға қайта көшіп келе бастаған қазақ диаспорасының тіл ерекшелігі. Ауғанстанға алғаш көшіп барғандар орта жүз арғын, қоңырат, одан соң кіші жүз адай, табын, кете, шөмекей ру-тайпалары. Олар Ауғанстанның Мазаршөріп, Имамсайып, бағлан, Құндыз қалалары мен өлкелерінде тұрып, малшылық, егіншілік, сауда ісі, етікшілік, құрылыс жұмыстары сияқты кәсіптермен шұғылданған.
1979 жылғы Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға басып кіру оқиғасы ондағы қазақ диаспорасын тағдыр тәлкегіне ұшыратып, Түркия, Пәкістан, Иран, Араб елдеріне қашып кетуге мәжбүр еткен. Ауған қазақтарының жалпы саны 1500 үйдей. 1993 жылы олардың 850 отбасы Ираннан, 350 отбасы Түркиядан Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстанға алдырылды, ал 200-дей отбасы Ауғанстанда қалып қойды.
2.2 Қытай қазақтары тілінің зерттелуі
Қытай қазақтары жайлы айтар болсақ, Қытай Халық Республикасында тұратын қазақтардың тілінің ерекшелігін зерттеген ғалымдар, Ж.Болатов «Қытайдан келген қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер». - А, 1990 ж., яғни бұл еңбекте зерттеуші фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне мән бергенімен, лексикасына мүлдем қарастырмаған болып табылады. Содан, тағы бір зерттеуші-ғалым С.Мұстафаұлының «Қытай қазақтары тілінің тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер». – А, 2002 ж. қорғалған диссертациялық жұмысы жарияланады. Мұнда ғалым тек – тұрақты тіркестеріне көп көңіл бөледі, ал фонетикалық, лексикалық ерекшелігіне мән бермегендігін байқауға болады. Содан кейінгі бір зерттеуші-ғалым Мәсімханұлы Д. «Қытайдағы қазақтар және олардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер» (Терминологиялық хабаршы, 2004. - № 2 . – 23-27)
2.3 Монғолиядағы қазақтардың тілінің зерттелуі
Б.Бұхатұлы «Моңғол қазақтарының тілі және оның кейбір Алтай тілдеріне қатысы» (А, 1993) авторефератында былай делінген, Қазақтың бітұтас халықтық тіліндегі түбір сөздер мен Моңғолиядағы қазақтардың тіліндегі негізгі түбір сөздерді көне моңғол тілімен салыстырғанда сөздік қордың ортақтығы көп екендігі байқалады.(27,11б)
Қазақ әдеби тілі мен жергілікті халық тілінің дыбыстық жүйесі, морфологиялық құрылысы, диахрондық тұрғыдан есептегенде, көне моңғол тілімен, негізінде, сәйкеседі. Бұл сәйкестік – көне моңғол тілі мен керей тайпасының тілі ортақ болғандығын дәлелдейді. Бұдан керей тайпасы моңғол тайпасы болды деген қорытынды шықпайды.
Моңғолиядағы қазақтардың тілінде қазақтың біртұтас халықтық тілінен өзгеше есептелінетін фонетикалық, морфологиялық, лексикалық біраз айырмашылық бар. Моңғолиядағы қазақтардың тіліне ғана тән, қазақ әдеби тілінен бөтен өзгеше грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ екендігін айта отырып, оның құрамында кейбір айырым белгілері екенін мойындауымыз керек.
Қорытынды
Диплом жұмысымның қорытындысы ретінде мынаны айта кетуді жөн көрдім.Жалпы шетел қазақтарының тілі зерттеу жұмысы жүргізілген.Бірақ ол зерттеулер әлі де аздық етеді.Өйткені, жоғарыда өзім бөліп қарастырғандай жақын аймақтағы қазақтарды айтар болсам,мысалы:Ресей қазақтарының тіліне көңіл бөлінгенмен,тек лексикасын қамтыған.Ал,Тәжікстан қазақтарынан өзімнің ізденгенім бойынша тек Ж.Бейсембаева,Ф.Сағындықова атты зерттеушілердің еңбегін қарастырдым.Мұнда да,лексикасына,дыбыстық жағына қысқаша тоқталған.Түркменстан қазақтары жайлы сөз қозғасам, онда ең біріншіден Т. Нұрмағамбетовтың еңбегін айту орынды.Бұл зерттеуші өзінің аталған еңбегінде бұл аймақтағы қазақтардың тілінің фонетикалық,лексикалық,грамматикалық жағына тоқталған.Бұл тек жақын аймақтағы қазақтар жайлы бірер сөз еді.