Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті


Жоспар
Кіріспе 3
I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы, этникалық құрамы 6
1.1 Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы 6
1.2 Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық топтары 26
ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер 35
2.1 Түрік қағанаты және оның мемлекеттік құрылымы 35
2.2 Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті 47
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе
Тақырып және оның маңызы. Адамзат тарихы тіптіде біркелкі зерттелмеген. Европа мен Таяу Шығыстағы оқиғалар мен қоғамдық формациялар алмасуының жүйелілігі көпке түсінікті жинама еңбектерде, тіпті XIX ғ. соңғы кезінде баяндалып, Үндістан мен Қытай XX ғ. бас кезінде сипатталған болса, Евразия даласының ұланғайыр жері зерттеушісін әлі күтіп жатыр. Бұл әсіресе Орталық Азия далаларында тамаша екі халық, өз атын шығарып үлгермеген басқа халықтар құрылып барып, құрып кеткен кезекге тарих сахнасына Шыңғысхан шыққанға дейінгі кезеңге жатады.
Олардың өндірістік тәсілі - көшпелі шаруашылықты шынында да жетілдіруге келмейтін еңбір тұрақты түрі болғанымен, солардын бәрі бір-бірін тек қайталай береді деп есептеу қателік болар еді. Хұндар мен түріктердік тағдыр-талайы қандай әрқилы болса, олардың тұрмыс түрі де, мекемелері де, саясаты мен әлем тарихынан алатын орны да арқилы болған.

I тарау. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі мен мекендеген аймағы, этникалық құрамы
1.1 Түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы
Біздің замаиымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеумеітік консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді. Олар: бірінші Түркі қағандығы - Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Бұлғар, Қарлұқ, Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері немесе империясы. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға котерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді, нанымдары - буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік өркениетті мәдениет түрлерін қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.

1.2 Түркілердің шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалық топтары
«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырда бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Ұлы далада түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: «Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуініп, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің бабаларым Бумын қаған мен Истеми каған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі зандарын шығарып, оны бекітті». Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.
V ғасырда түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар атанды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ. Түркліердің шығу тегін зерттеу ғылымда XIX ғасырдың санына дейін көршілес қытай, парсы, грек, Византия елдерінің деректері арқылы белгілі болды. 568 - 598 жылдары түркілерге қарай бірінші болып Еділден өткен Земарх басқарған Византия елшілері орқандай деректер жазып қалдырды. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз IX-X ғасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Осы герграфиялық әдебиетте «түркі» деген сөз халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде корсетілген.

ІІ тарау. Түркі империясы мен феодалдық мемлекеттер
2.1 Түрік қағанаты және оның мемлекеттік құрылымы
Өкімет пен халық. Қытай мәліметтеріне қарағанда, елге ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып, күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай-қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып шығады екен. Сосын оны ақбоз атқа мінгізіп, мойнына дереу жібек бұғау салып, оны қолма-қол босаңсытып, одан: «неше жыл хан болғың келеді?»- деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзімін анықтау ісінде қандай роль атқарғаны түркіттер тарихында онша мәлім емес: бәрінен де дұрысы, бұл әдет, әсілі хан тайпа көсемі болып сайланатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж-тақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған, оған әлі айрықша тоқталамыз.
Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жағбы болған. Түптеп келгенде, жағбы ханның бас уәзірі, бұл қызметке көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған. Мәселен, Елхан Бұмынның кезіңде жағбы шенін оның туған інісі Істеми алған. Бірақ жағбы тақтың мұрагері деп есептелінбеген. Мұрагер, атқаратын қызметіне қарамастан, «тегін» деп аталған. Қарауында билейтін еншілі жер-суы бар тектес ханзада «шад» деп аталған, мысалы, кейін хан болған Сымо, өгей деп күдіктенгеннен соң Шад бола алмай қалған.

2.2 Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениеті
Түркіттердің қадым заманындағы діні туралы бізге жеткен негізгі мәліметтер қытайдың «Вэйшу» жәме «Суйшу» атты шежірелерінде жазылған. Ол мәліметтер мейлінше қарама-қайшы және тым шолақ болғандықтан да түсінуге қинн.
«Вэйшу» түркіт дінінің төмендегідей салтын атап өтеді:

Қорытынды
Түркілердің шығу тегі туралы қазақтан алғашкы қалам тартқан Әлихан Бокейханов, Мүхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Санжар Асфеидияров, Әуелбск Қоцыратбаевтар, империялық зұлматтың шеңгеліне ілініп, көпшілігі опат болды. Мұстафа Шоқаев еңбектері өз Отанына әлі күнге дейін жеткен жоқ.
Түріктің белгілі ғалымы Б. Аталай «Дивани лұғат-ат-туріктің» үш томдық аудармасын, осындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбек әрқилы зерттеу жұмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді. Белгілі ғалым, профессор Әбсатгар Дербісалиев араб, парсы тілінде X-XII ғасырларда жарияланған түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу мен оны көпшілікке таныстыру жолында тынымсыз еңбек етіп келеді.
Осы аталған еңбектерден мынадай екі түрлі түсінік бар екенін аңғаруға болады: біріншісі - түркілердің дербес халық ретінде тарих сахнасына шығуы да, екіншісі - олардың дербес мемлекет ретівне қалыптасуы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Абул-Гаэи-Бахадур-хан. Родословная древо тюрков. Перевод и предис. Г. С. Саблукова. Казань, 1906.
2. Абдрахман Хайруш. Тарихынды таны. (Отан тарихының очерктер Алматы. «Дәнекер» 2002.
3. Авеста. Избранные гимны. Перевод И. М. Стебилина-Каменского. Душанбе, 1990.
4. Агаджанов С. Г. Государство Сельджукмдов и Средняя Азия и XI - XII в. в. М., 1991.
5. Агаджанов С. Г. Очерки истории огузов, туркмен Средней Азии IX-XIII в. в. Ашхабад, 1969.
6. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и Усунсй долины р. Или. Алматы, 1963.