Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан
«Ұлы Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлерді басып өтті деген сауалдың әркімді де толғандыратыны белгілі.
«Ұлы Жібек жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны басып өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы. Орта ғасырлық Евразия елдерінің сауда - саттық және мәдени байланыстарының аса маңызды қатынас жолы осы «Ұлы Жібек жолы» болды. Бүгінгі таңда бұл жолдың тарихын, сол кездегі алған орны мен ролін зерттеуді ЮНЕСКО ұйымы 1987 ж. бері өз иелігіне алып отыр.
Жүзім, шабдалы, қауын-қарбыз, бұрыштар мен қалампыр, көкөністер мен жидектер, қант, т.б. да осы жол арқылы кең тарады. Жібек жолымен өтетін тауарлардың көпшілігі Қазақстан қалаларында қалып қоятындығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Мәселен, Отырардан табылған күміс көмбесі халықаралық сауданы зерттеу үшін аса маңызды, мәні жағынан өте сирек кездесетін олжалардың қатарына жатады. Ондағы теңгелер құрамы өте құнды:
Тауарлар, қол өнердің, сәулет өнерінің, қабырғалық көркем суреттердің үлгілері мен эталондарын Шығыс пен Батыс елдеріне таратумен қатар, музыка мен би өнерлері де, көрнекті көріністі ойын - сауықтар да таратылып отырды. Шетелдік оркестрлер сарай маңындағы қызметкерлер құрамына кіріп кете берді.
Осы өркениеттің айшықты да айрықша куәсі «Жібек жолы», Шығыс пен Батыс Азия мен Европа тоғысқан Қазақстан қалаларын да бір - біріне мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп, бір - бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай, ахуал туды. Өзара қарым - қатынас жасау нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті арқасында маржандай жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай алды.
Ұл Жібек жолы әртүрлі сауда, мәдениет, жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпенділер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды.