Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Жоспар
1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 3
2 Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі. 10
3 Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. 11
4 Калькуляциялау баптары және олардың сипаттамасы. 12
Өзін тексеру сұрақтары: 13
1 Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, косалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
2 Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі
Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен «шығын» деген ұғымның өзін жете түсіну кажет, яғни оның терминологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын кәне есебін түсіндіру керек.
Шығындар - бұл қолдағы бардын сатып алуға жүмсалғанын және- оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге кабілетгі қаражаттар. Бірақта, кәсіби әдебиеттерде осы үғымның баскалай да трактовкасы (немесе түсіндірулері) кездеседі.
3 Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары
Шығындарды жіктеудің мақсаты - жалпы массадан тек релевантгы шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты). Сондықтан, жіктеудің әдістері (немесе жіктеу багаттары) басшьшың алдыңда турған нақты мәселелерден тәуелді болып кёледі. Басқарушы есебінің осындай негізгі мәселелеріне мыналар жатады:
4 Калькуляциялау баптары және олардың сипаттамасы
Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру немесе құру отандық өндірістік есебіне, яғни "өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріске кеткен шығындар есебіне" ұғымдық жағынан принципиальды жаңа талаптар қояды. Өнімнің өзіндік құнның калькуляциялаумен өндіріс шығындарынның есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғымды бермейді, ал көптеген танымал авторлардың берген ұғымы бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Ол өндірісте шығындардың басқарушы (бұрынғы аналитикалық) есебін құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық объектісінен (бұйым, тапсырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен дайын өнімнің және аяқталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен, шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Өзін тексеру сұрақтары
1. Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
2. Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
3. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
4. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау, запастарды бағалау үшін өндірістік шығындардың жіктелуі.
5. Негізгі шығындар, үстеме шығындар, тікелей, жанама, кіріс, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
6. Өндіріс шығындарының элементтері, шығындардың пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары және шығындар орталықтары бойынша топтастыру.