Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы
Инновация - барлық тараптар үшін жаңалық болып табылатын идеяның коғамдағы өскелең сұранысты қанағаттандыратын әрі оны ендірушілерге үлкен мөлшерде табыс әкелетін рухани немесе заттық дүниеге, жүйеге, қызметке айналуы. Инновациялық үдерістің негізінде инновациялық қызмет тұрады. Инновациялық қызмет - өзінің мәні мен мазмұны өмірдегі барлық саладағы жаңа, прогресстік идеяларды үздіксіз ендіру арқылы қоғамның өскелең сұранысын ұдайы қанағаттандырып отыру болып табылатын қызмет.
Инновациялық қызметтің басқару тетіктерін шартты түрде былай қарастыруға болады:
Қазақстан Республикасында қаржылық жүйе мен экономиканы тұрақтандыру бойынша 2009-2010 жылдарға ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде (1200 млрд.тг) төмендегідей бағыттарға жұмсалуы тиіс:
1) қаржылық секторды тұрақтандыруға - 4 млрд. доллар (480 млрд. тг)
2) Тұрғын үй секторын дамытуға - 3 млрд. доллар (360 млрд. тг)
3) Орта және шағын бизнесті қолдауға - 1 млрд. доллар (120 млрд. тг)
4) Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға - 1 млрд. доллар (120 млрд. тг)
5) Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға - 1 млрд. доллар (120 млрд. тг).
Ұлттық инновациялық экономиканың қалыптасуына салалық ғылымның өнеркәсіппен, ғылым академиясымен байланысын үзуі де жағымсыз әсер етті. Нәтижесінде салалық институттар жабылып, бұл кешеннің жекелеген кәсіпорындарға, жоғары оқу орындарына, ғылыми зерттеу орталықтары мен мекемелерге айналуына себеп болды. Жалпы алғанда шаруашылық тәжірибеге ірі инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін іс-әрекетті біріктірудің механизмі жоқ. Ендігі кезекте ғылым, білім беру, тәжірибешілердің өкілдерінің күштерін шоғырландыру қажеттігі тұр. Мемлекет инновациялық процесті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ете отырып, инновациялық процестің әртүрлі звеноларының өзара әрекетін ынталандыра отырып, инновациялық экономиканың жүйелік дамуына себепші болады.
Инновациялық үрдістердің тезірек жүруін қамтамасыз ету үш.н Түркияда шетелдік инвестицияларға, осы елде шығарылмайтын кұрал-жабдықтарды ішке енгізу кезінде кедендік баж салықтарынан, машина жасау саласының өнімдерін жасауда және оларды ішкі нарыққа енгізуде қосылған құн салығынан және басқа да салық түрлерінен босату сияқты бірқатар жеңілдіктер беріледі.
Біздің елде де инновациялық инфрақұрылым шеңберінде салықтың келесідей жеңілдіктерін енгізген жөн: