Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақтың атақты жазушысы, Алаш Орда қайраткерлерінің бірі Жүсіпбек Аймауытұлының кез келген туындысы ұлтты сүюдің барометрі іспетті. Әсiресе советтiк цензура әлi келмеген 1917-1918 жылдары жазған мақалалары ерекше көзге түседi. Бұл кезде ол Семейде шығатын «Сарыарқа» газетiнде қызмет iстеген. Сонымен бірге «Абай» журналының редакторы да болған. 1918 жылы бiр өзi осы журналдың он үш санын шығарған екен. Мiне, осы баспасөзде ол большевизмнiң өте қауiптi екенiн бағамдаған, ұлт бостандығын көздеген, қазақ елiнiң келешегiне алаңдаған, өткiр әрі проблемалық мақалалар жазған. Олардың қатарында «Қазiргi саяси хал», «Қазiр екi нәрсе керек», «Ұлтты сүю», «Жастар кiм?», «Қазақ тiлiн iске асыру қамы» секiлдi жарияланымдарды ерекше айтуға болады. Жалпы, Аймауытовтың саяси тақырыптағы публицистикалық дүниелерiнiң саны қырықтан асып жығылады.

Ұлтты сүю әр түрлі.
Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардамсып бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл әр жұрттың қанына біткен өзімшілдік, тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дәрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген тамақ, жеген жерін жақсы көру - табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дәрежесі осы.

Бұқараның әспеттеуіне қарай «бұл уақытта» төрт аяғы бірден түсіп, ұлт үшін жанын салып, сілетсіз, таза қызмет қыларлық шын «шырақ» табыла беруі қиын. Бұл уақыт - қазақтың мәдениетке аяқ басатын, шаруасы, тұрмысы, білігі өзгеретін, ғаскер болатын, жалпы ұлт ісіне жол ашатын уақыт. Қазақтың өміріне көрмеген жаңалықтар кіретін уақыт - осы күнгі оқыған қызметкерлер. Қазақтың ескі қалпынан жаңалыққа көшетін - «көшпелі» заманның кісілері. Көшпелі заманның қызметкерлерінің қашанда болсын кемшілігі көп болмақ. Әркім әртүрлі пікір тұтынып, әртүрлі жоба ұсынып, жаңалықты орнатуға жиһат қылмақ. Бірақ бұл буынның адамының тәжірибесі, тәрбиесі жетілмегендіктен істеген ісінде үстірттік, төселмегендік көп шығып, ойлаған мақсатына жете алмай, ескі өмірдің жауыздығымен алысумен күні өтеді. Бұлардың істеп кеткен ісінен келесі буын тәжірибе алып, төселіп, анық қызмет қылатын, қызметінің жемісін көретін солар болады. Бұл жүрген буынның адамында кемшілік болатын бірнеше себептерін айтып өтейін.

Ақтығында айтпағым: оқығандар өзін өзі тәрбие қылу керек. Қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзі ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат қылуы керек. Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын.