Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Жоспар
I. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру 3
1.1 Негізгі капиталдың экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі 3
1.2 Корпорацияның меншікті капиталын қалыптастыру 10
1.3 Капиталдың оптимальді құрылымын анықтау 14
II. Ұлттық банк мысалында меншікті капитал 16
2.1 Банктік меншікті капиталы: көздері мен қызметтері 16
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі 22
Әдебиеттер 26
I. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
1.1 Негізгі капиталдың экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі
Негізгі құралдар деп өндірісте ұзақ уақыт (бір жылдан астам) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын өндірілген өнімге, орындалған жұмыска, көрсетілген қызметке біртіндеп, бөліп-бөліп амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстырған еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі қорларға - жылжымайтын мүліктер, жер учаскелері үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы басқалар жатады.
1.2 Корпорацияның меншікті капиталын қалыптастыру
Корпорация мен ұйымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ең маңызды қорлар болып мыналар саналады: жарғылық, қорлану, тұтыну, еңбекке ақы төлеу, валюта, жөндеу т.б. қорлары. Кәсіпорындардың дербестік жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты үлестік қорлар, қамсыздандыру медициналық сақтандыру т.б.
Жарғылық капитал (қор) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді. Ол алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерін құрғанда, өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың есебінен кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
1.3 Капиталдың оптимальді құрылымын анықтау
Капитал құны корпорацияның түрлі қаржы көздерінен тартылатын жалпы көлемінің бағасын білдіреді. Ол корпоративтік қаржылардың ағымдағы және инвестициялық шығындардың деңгейіне байланысты болады.
Капиталдың оптимальді кұрылымын анықтау корпоративтік қаржыларды басқарудың, күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.
Капитал кұрылымын оптимизациялау әдісін ұсынушылардың бірі профессор И.А.Бланк.
Бұл жердегі аса өзекті жәй меншікті капитал мен қарыз капиталдарының арасалмағын анықтау арқылы олардың тиім-ділігін арттыру болып табылады. Сол арқылы корпорацияның рыноктық құнын максимизациялау. Бұл процесс корпорация үшін мынадай іс-шараларды атқаруды құрастырады:
II. Ұлттық банк мысалында меншікті капитал
2.1 Банктік меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын жөне т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктік қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін, капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.