Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Сотта прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдауы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы 9
1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы 9
1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны 12
1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері 15
II-тарау. Қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауында мемлекеттік айыптауды қолдау 24
2.1 Бас сот талқылауы - қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы 24
2.2 Прокурордың басты сот талқылауында істі қарауға дайындалуы 25
2.3 Прокурордың сот тергеуіне қатысуы 29
2.4 Мемлекеттік айыптауды қолдау. Прокурордың айыптау сөзі 40
2.5 Мемлекеттік айыптауды жетілдірудің құқықтық мәселелері 52
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының - заңдылықты сақтауға ерекше мән беріледі. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы «бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру» деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып саналады. Заңдылықты сақтаудағы басты талаптар құқық қорғау органдарына, әсіресе сот пен прокуратура органдарына жүктеледі.

І-тарау. Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
1.1 Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негіздерін қалайтын қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік - құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.

1.2 Қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс - жүргізуінің негізін қылмыстарды анықтауға және ашуға, кінәлілерді анықтап және оларға әділ жаза тағайындауға бағытталған заң байынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі құрайды.
Қылмыстық іс - жүргізушілік қызмет анықтау және алдын - ала тергеу органдарының, прокуратура және соттың лауазымды тұлғаларының тиісті түрде ұйымдастырылған, қатаң тәртіпке келтірілген және белгілі бір мақсатқа бағытталған, сондай-ақ іке қатысуға тартылатын жеке азаматтардың әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Қылмыстық іс-жүргізу қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінде айырмашылықтар болғандықтан, қылмыстық іс - жүргізушілік функциялар туралы білім шығарылған. Қылмыстық іс - жүргізушілік функция - бұл қылмыстық іс - жүргізушілік қызметтің жеке тарабын және белгілі бір бағытты білдіреді.

1.3 Мемлекеттік айыптаудың субъектілері
Мемлекеттік айыптау қылмыстық іс - жүргізушілік функция ретінде тек мемлекеттің арнайы органдарымен - прокуратурамен жүзеге асырылады. Мемлекеттік айыптаудың субъектісі прокурор (аудандық прокурор, оның көмекшісі, жоғарғы тұрған прокурор) болып табылады.
Аудандық (қалалық) прокурор - сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын негізгі лауазымды тұлға. Прокурордың қылмыстық істерді сотта қарауда қатысуын анықтайтын барлық заң ережелері бірінші кезекте соларға қолданылады.

II-тарау. Қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауында мемлекеттік айыптауды қолдау
2.1 Бас сот талқылауы - қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы
Адамды кінәлі деп тану және қылмыстық жазаны қолдануды тек соттың жүзеге асыруы туралы заңда маңызды ереженің бекітілуі бас сот талқылауын қазақстандық қылмыстық процестің орталық, маңызды және шешуші сатысы ретінде, ал сот отырысында прокурордың заңдардың қолданылуына қадағалау жүргізуіне оның қызметінің маңызды орын алатындығын көрсетеді. Үкімнің заңға сәйкестігі және негізділігі іс бойынша тергеудің жақсы жүргізілгендігіне және сот өндірісінің толық, жан-жақты және объективті жүргізілгендігіне байланысты. Сот отырысының мақсаты алдын-ала тергеу құжаттарының тексеру ғана емес, сотпен іс құжаттарын жеке тексеру де жатады.
Басты сот талқылауы - бұл қылмыстық іс жүргізудің жеке және шешуші сатысы. Онда қылмыстық іс мәні бойынша шешіледі. Ақиқатты орнату және әділетті үкім шығару мақсатында бұл сатыда алдын-ала тергеу мен анықтау органдары келтірген дәлелдерді тексеру және құқықтық баға беру жүргізіледі. Демократиялық қағидаларға сәйкес құрылған сот төрелігі азаматтарға үлкен тәрбиелеушілік әсер береді.

2.2 Прокурордың басты сот талқылауында істі қарауға дайындалуы
Қылмыстық істің материалдарын өте жақсы білу - мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурорға қойылатын міндетті талап. Прокурор қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізгеннің өзінде немесе айыптау қорытындысын бекіткеннің өзінде әрқашанда қылмыстық істің материалдарын терең,әрі нақты зерттеуі тиіс. Процеске кіру барысында, жеңіл қылмыстық істердің өзінде, істің мәнін сот барысында түсініп алу мүмкіндігіне сенуге болмайды. Сот отырысының ең басында, яғни, сот отырысының дайындық сатысында прокурор процеске белсенді түрде қатыса бастайды. Прокурор сотқа істі куәларсыз қарау мүмкіндігі туралы қортынды береді, дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы сотқа ұсыныс айтады. Мұның барлығын прокурор қылмыстық істің материалдарын сотқа дейін білмейінше жүзеге асыра алмайды.

2.3 Прокурордың сот тергеуіне қатысуы
Сот тергеуінің іс жүргізушілік мақсаты соттың бастамасымен қылмыстық іс бойынша жиналған алдын ала тергеуде жиналған құжаттарды тексеру және дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Сот тергеуінде қылмыстың оқиғасы және құрамы бекітіледі, оған кінәлі тұлғалар, жауапкершіліктің деңгейіне әсер ететін жағдайлар, залалдың көлемі анықталады. Үкімнің негізділігі мен заңдылығы сот тергеуінің толықтылығы мен объективтілігіне байланысты, өйткені, сот тергеуінде зерттелетін дәлелдемелер ғана үкімнің негізін құрайды.

2.4 Мемлекеттік айыптауды қолдау. Прокурордың айыптау сөзі
Басты сот талқылауы - қылмыстық процестің маңызды және негізгі сатысы екенін жоғарыда айтып өттік. Нақ осы сатыда істің мән жайлары тексеріледі және жиналған дәлелдемелерге түпкілікті баға беріледі. Прокурор айыптауға негіздер болған жағдайда мемлекеттік айыптауды қолдайды, сотталушыны кінәлі деп табуын дәлелдейді немесе жазасын жеңілдетуді сұрайды.

2.5 Мемлекеттік айыптауды жетілдірудің құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 23 ақпан 2001 жылғы №24 «Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес қадағалау қызметінің басты бағыты соттардың қылмыстық істерді қарау кезінде мемлекеттік айыптауды объективті әрі белсенді түрде жүзеге асыру, соттардың қылмыстық істерді апелляциялық және қадағалау сатыларында қарауына қатысу, сот және тергеу қателіктерін дер кезінде түзеу үшін мәселе қою, соттардың кез келген заң бұзушылық - тарына ықпалды шара алу тәрізді жолдарымен заңды талапқа сай қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы жаңа Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикашың Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік-құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.