Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері 5
1.2 Банк қызметін рейтингтік бағалау 13
1.3 Банк ісін талдаудың әдістемелері 23
1.4 Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 29
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар. 29
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 30
1.4.3 Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар 31
1.4.4 Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар 31
1.4.5 Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар 31
1.4.6 Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар 32
1.4.7 Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар 33
1.4.8 Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар 35
1.4.9 Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы 37
2 БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ 39
2.1 Есептің қойылымы 39
2.2 Кіріс ақпараттары 39
2.3 Шығыс ақпараттары 41
2.4 Ақпараттық база 41
3 БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ 45
3.1 Рейтингті құрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері 45
3.2 Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау) 45
3.4 Рейтингті есептеу 47
3.5 Банктердің стратификациялау 47
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
1 БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттердің бірі – бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
1.2 Банк қызметін рейтингтік бағалау
Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі қолданылады.
Банктің қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар қамтылады:
1.3 Банк ісін талдаудың әдістемелері
Қолдану облысы: өзінің банкінің ішкі жағдайының талдауы және банктердің қаржылық жағдайының дистанционды талдау – контрагенттері.Талдау келесі мәліметтерге негізделіп өндіріледі:
- Баланс және баланстан тыс шоттар бөлімдері;
- Кіріс және шығыс туралы есеп беру;
- Нормативті мәні;
- Нұсқау формалары «Қаржылық есеп туралы құрылым» ;
- Банктің одан басқа есеп берулері.
Құрылым және есеп берудің дұрыстығын тексеруге арналған әдістемелер:
1.4 Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерленуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Ұлттық банк, Үкімет және де қарапайым халық үшін банктің рейтингін талдаудың маңызы өте зор. Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып кеткенімдей оған Ұлттық банк басшылық етеді. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың бірі болып отыр. Банктің рейтингін жариялау тек оның таза жұмыс істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен екендігін білдіріп қоймай, банк елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де танымал бола бастайды. Оның өзі банктің басқа елдерде филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне тікелей қатысты.
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
1.4.5 Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.
1.4.6 Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарыным) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық - тесттік программалар.
1.4.7 Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
1.4.8 Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:
2 БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1 Есептің қойылымы
Коммерциялық банк рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе Ұлттық банк Қаржылық Қадағалау Департаментіне дер кезінде ақпараттарды беріп отыру.
2.2 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.
2.3 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.
2.4 Ақпараттық база
Ақпараттық база - бұл басқару есептерін шешу үшін экономикалық объектіні жұмыс істеу барысында оны айнытпай дәлме-дәл бейнелейтін ақпарат массивтерінің бірігуі. қазіргі уақытта ақпарат базасын тұрғызудың екі ыңғайы қалыптасқан: жеке қолданушыларға қызмет көрсетуге арналған массивтердің бірігуі секілді қойманы тұрғызу, ол АЖ-ны тұрғызудың бастапқы кезеңдеріне тән; саны көп қолданушылар үшін интегрирленген ақпарат қоймасын тұрғызу.
Ақпараттық база келесілерден тұрады:
3 БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1 Рейтингті құрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
Қазіргі кезде банктік рейтингілерді құруға әр түрлі амалдар әсер етеді. Camel әдісі, Euromoney әдістеме журналы, Moody’s және Standard & Poor’s агенттік әдістемелері, Карманова және Шибако әдістері кеңінен белгілі. Банктегі рейнтингтік орынды есептеуге пайдалануға әрбір әдістемелік құралдар жиынын ұстайды. Банктің сипаттық іс-қимылына көптеген көрсеткіштер әсер етеді. Көрсеткіштерді таңдау рейтингті құру мақсатына тәуелді. Көрсеткіштерді іріктеу алдында келесі талаптарды сақтау (ескеру) керек: - бір-біріне тәуелді сызық жоқтығын. Рейтингті құруда бұл талаптарды сақтамаса ереже бойынша аддитивті түйіншек түзу емес нәтиже береді.
3.2 Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
Рейтингке қосуға көрсеткіштерді іріктегеннен кейін олардың барлық банктерге мәнін есептеу керек. Сондай-ақ көрсеткіштердің максималды және минималды ұйғарымды (допустимые) мәнін анықтау керек. Олар әрбір банктің және көрсеткіштің сарапшысы сұранысында жүруін анықтайды. Бұл процедура барынша ірі көрсетуі мүмкін, бірақ ол әрбір банктың барабар есеп талаптарының атқарымдылығы және ішкі ерекшеліктерімен қамтамасыздандырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта келе банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде банктік қадағалаудың мәні және әдістері арқылы банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау көмегімен жүзеге асады. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді. Берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтінгісін анықтауға болатынын білдім. Жалпы қаржылық жағдайды банктің негізі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі арқылы анықтайды.