Тергеулік қарау және куәләндіру
Тергеулік қарау – ол қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде маңызы бар объектілерді (олардың белгілері, қасиеттері, жағдайы, өзара орналасуы) тергеуші немесе анықтаушының тікелей көру, бекіту және зерттеуімен айқындалатын процессуалдық іс-әрекет.
Тергеулік қарау объектілері ретінде оқиға болған жер және оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелер, сондай-ақ бөлек заттар, құжаттар, адамдар, мәйіттер және жануарлар жүреді. Тергеулік қараудың мағынасы өте зор, оның себебі қылмыстың жасалу жағдайын көрсететін көптеген қажетті іздердің бөлігі осы әрекетті жүргізу барысында табылады және зерттеледі.
Тергеулік қарау қағидалары (принциптері):
Оқиға болған жер қылмыс болған орынмен сәйкес келуі мүмкін және сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісіні пәтерде өлітіріп, оны бөлшектеп сойғаннан кейін (қылмыс орны) мәйіт бөлшектері орман, көл және басқа да жерлерге апарып тығылады. Әрбір мәйіт бөлшегі табылған орын оқиға болған жер ретінде қарастырылады.
Оқиға болған жерді қарау барысында зерттеліп, бекітуге жататындар:
Негативтік жағдайларды оқиға болған жерден табудың мағынасы өте зор. Оның себебі мұндай жағдайларды талдау нәтижесінде қылмысты жасағансуды (инсценировка), яғни тергеудің нақтылы бір нәтижесін қалайтын тұлғаның шын мәнінде болған оқиғаға сәйкес келмейтін жағдайды қолдан жасауды әшкерелеуге мүмкіндік туындайды.
Жасағансу мақсатына:
Тергеулік және сот-медициналық куәландыруларды бір-бірінен ажырата білу керек. Кейінгісі сот-медициналық сараптаманың бір түрі болып саналады және ол келтірілген жарақат мерзімі, себебі, оның ауырлық деңгейі туралы мәселені шешу мақсатында сот медицина саласындағы маманмен жүргізіледі.