Методология және әдiстеме ұғымы
Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.
Қылмыскерлік – қоғaм жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен туындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзгере салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық қатынастардың бүгiнгi сипатамасын ғaнa емес, адамдар санасында, олардың дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi.
Танымның жалпы ғылыми әдicтерiн криминологияда қолдану
Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады.
Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара байланысты қылмыстар мен оларды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады.
Нақты социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуда зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдіс кешені мыналарды қамтиды:
- Құжаттарды зерттеу;
- Анкета және сұхбат түрiнде сұрақ беру;
- Байқау жургiзу (тiкелей немесе сырттай);
- Эксперимент.