Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Атмосфера және климат


Жоспар
1 Теориялық бөлім 3
1.1 Атмосфера және климат 3
1.2 Атмосфера ластануының деңгейіне метеорологиялық факторлардың әсері 4
1.3 Атмосфералық ауа сапасын нормалау 10
1.4 Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау 13
Әдебиет 15

1 Теориялық бөлім

1.1 Атмосфера және климат

Жер беті күн сәулеленуімен бірге біздің планетамыздағы өмірге жарамды климатты ұстап тұрады. Күн жер бетін жылытады. Жер беті өз алдына ауаны жылытады. Жылыған ауа тығыздығы төмендеп, олжоғары қарай көтеріледі. Ал тығыздығы жоғарырақ және суығырақ ауа төмен қарй түседі. Бұл құбылыс ауаның үздіксіз айналымына жағдай жасйады.
Айдың бетінде түс кезінде күн көзі тастарды жылытатыны соншалық, тасқа жұмыртқа қуыруға болады; ал түндердің суық болғаны соншалық, көміртегі диоксиді құрғақ мұзға айналады. Климаттың мұндай қатал болуы атмосфераның жоқтығына байланысты.
Конденсацияланатын және буланатынатмосфераға еніп, одан қайта шығатын су айналымы болып табылатын гидрологиялық циклғакүн энергиясының 23% жұмсалады.

1.2 Атмосфера ластануының деңгейіне метеорологиялық факторлардың әсері

Атмосфера ластануының деңгейі жерге жақын ауа қабатындағы (жер бетінен, 5-2,0 м) қосындылардың концентрациясымен анықталады және технологиялық және метеорологиялық факторларға байланысты болады.
Технологиялық факторларға газауа қосындыларының шығыны, оның температурасықалдықтардағы қосылыстардың концентрациясы, көздердің биіктігі және т.б.
Қосындылардың жер бетіндегі концентрациясының көлемін анықтайтын метеорологиялық факторларға қалдық немесе шығарынды көздерінің орналасуын, желдің бағытын, оның жылдамдығын, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығын, инверсие, тұман, жауын-шашынның болуын және т.б жатқызуға болады.
Ластағыш көздердің орналасуы жердің ұзындығымен еніне байланысты географиялық орналасу жағдайымен анықталады, сонымен қатар, теңіз деңгейінен биіктігі және жер рельефіне байланысты аймақтылықпен анықталады.
Атмосфераның жерге жақын қабатында желдің жылдамдығы мен бағыты Жердің күнді айналуымен, жер рельефі, атмосфералық қысым және температуралық градиентпен қалыптасады. Соның нәтижесінде Жердің солтүстік жарты шары үшін оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жел, ал оңтүстік жарты шар үшін солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жел тән.

1.1 суретте инверсия түріне және шығарындылардың сипатына байланысты атмосферадағы қосылыстардың таралу жобасы көрсетілген. Төмен орналасқан (труба) суық шығарынды шығаратын көздерде қосындылардың көп концентрациясы жер бетіндегі қабаттарда желдің жоқтығында немесе әлсіз желде түзіледі. Ондай жағдайда ауаның максималды ластануы сол шығарынды көздерде байқалады. Жылы шығарындылар шығаратын биік көздерден максималды ластану жоғары көтеріңкі инверсияда байқалады. Трубаның астында инверсиялық температура қабаты төмен болған сайын, жер қабатындағы ауаның ластануы күштірек болады.
Атмосфераның тұрақтылық жағдайын сандық көрстеу үшін тік температуралық градиентпен желдің жылдамдығының қатынасын қолданады, оны атмосфераның стратификация критериі деп атайды. Бұл критерий атмосферадағы қосындалардың таралуын есептейтін барлық әдістерде қолданылады.

Қалпына келетін смог- ірі өнеркәсіптік орталықтарға тән және жағымсыз метеорологиялық жағдайлардағы азот, күкірт диоксиді және бу қосындыларынан тұратын атмосфералық құбылыс. әдетте бұл смог таң ерте О°С шамасындағы температурада және жоғары ылғалдылықта өзінің максималды деңгейіне жетеді. Азот және күкірт қышқылынан түзілген қоздырушы әсерінің нәтижесінде ол бронғы және тыныс алу жолдарына кері әсерін тигізіп, адам денсаулығына зиян келтіреді. 1952 және 1962 жылдары смог Лондонда бірнеше адамдардың өліміне себеп болды.
Лондондық смог типі- негізгі көзі- көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінде улы қара тұмандық екі апта бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған.
Фотохимиялық смог – атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, оөон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның лондондық смогтан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді, фотохимиялық смог алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Иорк, Токио, Сеул, Афин қалаларында байқалған. Ол көзді зақымдатады, өсімдіктердің вегетациялық процестерін бұзады, рәзеңкені тотықтырады және оның тез тозуына әкеледі, сонымен қатар жағымсыз иісті болады. Сондай-ақ, атмосфераның мөлдірлілігін төмендетеді, соның нәтижесінде аэрозольдер түзіледі.

1.3 Атмосфералық ауа сапасын нормалау

Атмосфералық ауа сапасын нормалау - биосфераға тұтасымен және халық денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік беретін, қоршаған ортаға әсердің шекті рауалы нормативтерін бекіту мақсатында жүзеге асады.
Зиянды заттар үшін биосфераның әр компонентіне арнайы белгіленген ШМК-ның шамалары бар.
Атмосфералық ауа:

1.4 Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау

Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді бақылау «Атмосфераны ластаушы көздерді бақылау әдістемесі» ОНД — 90 және басқа да әдістемелік құжаттармен атқарылады. Зиянды заттардың массалық шығарындысы әртүрлі нақтылықпен келесі әдістермен анықталады: инструментті, инструментті – зертханалық, индикаторлы және есептік.
Инструментті әдіс – бақылаудағы көздерден шығарылатын шығарындылардың қосындыларының концентрациясын үздіксіз өлшейтінавтоматты газоанолизаторларды қолдануға негізделген.
Инструментті – зертханалық әдіс- қолданғанда біріншіден ластаушы көздердегі газдардың үлгілерін алады, одан кейін олар зертханада автоматты және жартылай автоматты құралдарда анализдейді.
Индикаторлы әдіс шығарындылардан шығатын қосылыстардың концентрациясына байланысты өзінің түсін өзгертетін индикаторлы элементтреді қолдануға негізделеді. Бұл әдіс шығарынды газдар қосылыстарының концентрациясын алдын-ала бағалау және экспресс-анализ үшін қолданады.

Әдебиет

1 Алексеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г., Гущина Э.В. Практикум по экологии: учебное пособие. – М. : АО «НДС», 1996. – 210 с.
2 Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. Мониторинг и методы контроля ОС: учебное пособие в двух частях. – М. : Изд-во МНЭПУ, 1998. – 185 с.
3 Бурдин К.С. Основы биологического мониторинга. – М., 1988. – 168 с
4 Контроль химических и биологических параметров окружающей среды (Энциклопедия «Экометрия») / под ред. Л.К. Исаева. – СПб. : Крисмас +, 1998. – 250 с.