Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ 6
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні 6
1.2. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды түрғыдан қарастыру 16
1.2. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды тұрғыдан қарастыру 16
1.3 Дағдарысқа қарсы менеджмент: дағдарысқа қарсы басқару құралдары мен әдістері 21
1.3.1 Қайта құру мақсаттары мен оларға жетудің критерийлері 23
1.3.2 Қайта құру концепциясы 24
1.3.3 Дағдарыстық жағдайда кәсіпорынды қайта құру стратегияларының нұсқалары 25
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ 28
2.1 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері 28
2.2 Дағдарысқа қарсы басқару кезеңіндегі мемлекеттің ролі 32
2.3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері 34
3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР 41
3.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы 41
3.2 «Тас - құм» АҚ сипаттамасы және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау 46
3.3 Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі 57
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзқарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрымдары социализмде дағдарыс жоқ, тек «өсім қиындықтары» деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бүл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес.
1.2 Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды тұрғыдан қарастыру
Өндірістік - экономикалық іс-әрекетті басқару теориясында дағдарысқа қарсы басқару проблематикасы басты бағыттардың біріне айналуда. Барлық деңгейдегі шаруашылықтағы ұдайы өндіріс процестерінің қиындауының объективті тенденциялары - жекелей кәсіпорыннан бастап глобалды экономикаға дейін тәжірибелі түрде дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жобалардың қажеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар бүгінгі күнгі экономикалық әдебиеттердің дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын талдай отырып, дағдарысты басқарудың теоретика - методологиялық базистері әліде қалыптасу стадиясында екенін көрсетеді. Сондықтан да, қазіргі күнгі концептуалды тұрғыдан қарастыру, қалыптасқан дағдарысты басқару теориясына бәсекелес ретінде айтуға болады.
1.3 Дағдарысқа қарсы менеджмент: дағдарысқа қарсы басқару құралдары мен әдістері
Дағдарысқа қарсы менеджмент батыс-еуропалық экономистермен «негізгі мәселе дағдарыстан шығу болатын, кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайды жою үшін қажет қызмет» ретінде анықталады. Бүл қызмет «кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайдан шығу үшін қажетті әдістер мен тәсілдердің кәсіпорында қолданылуының интенсивтілігін арттырумен» сипатталады. Сонымен бірге, Хаберландтың ойынша, қатаң және жылдам шешім іс-шараларды жүргізумен бір уақытта байланысты қысқа мерзімді мәселерге бүкіл назар аударылады. Кейбір дағдарыстардың босатушы және ең сипатын бөліп көрсеткісі келген авторлар, дағдарысқа қарсы менеджментте керісінше, «жақындап келе жатқан үзілмелі пункт (дағдарыс) жайлы мәлімдеуге және дамудың жаңа бағытын әзірлеуге жол беретін» құралдарды құру ретінде анықтайды.
1.3.1 Қайта құру мақсаттары мен оларға жетудің критерийлері
Қайта құрудың басты мақсаты - компанияңы дағдарыстан шығару. Мұнда өндіріс тиімділігін арттыру, активтерді басқарудың сипатын өзгерту, қарызбен қаржыландыру мүмкіндігін пайдалану сияқты бағынышты мақсаттарға жету қажет.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігінің маңызды көрсеткіші ретінде меншікті капитал құнының өсуі жүреді, сондықтан қайта құру дәстүрлі түрде осы бағытта жүреді. Компанияның құнының көрсеткішін қайта - құру сияқты таңдау, кездейсоқтық емес меншік иелерін соңында өндіріс типі мен технологиясы, өнім параметрлері, өткізу нарықтары қызықтырмайды да нақты компанияға салымдарының тиімділігінің критерийі болып меншік иелерінің жеке игілігінің деңгейінің артуын да, кәсіпорынның тиімді дамуын да шарттайтын салымдар құнының үнемі өсуі болып табылады.
1.3.2 Қайта құру концепциясы
Қайта құрудың дәстүрлі міндеті - бизнес құнын максималдау оның концепциясын әзірлеу келесі әдістемені ескереді. Бірінші кезеңде компанияның құны дисконтталған ақша ағымы әдісі арқылы «барынша» бағаланады. Содан соң, кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметін қайта құрудың әр түрлі нұсқалары әзірленеді.
Операциялық (өндірістік) факторлар шеңберінде өндірілетін өнім номенклатурасы, баға белгілеу, шығындар тиімділігі, өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен өткізу жүйесі, өнімге сатудан кейінгі қызмет көрсету жүйесі жайлы шешімдерді талдау қажет.
Құн қозғалысын анықтайтын инвестициялық факторларға негізгі және айнымалы қорларға салымдарды басқаруды, капиталдың меншікті айналымының деңгейін оңтайландыруды жатқызуға болады.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері
Құлдыраулар мен көтерулер, қаржылық күйреу және қайта жандану, өндірісі дамыған елдер экономикасының міндетті серіктері. Экономикалық дамудың осы компоненттерінің эпицентрінде, қоғам өмірінің негізін қалаушы кәсіпорын және үй шаруашылығы тұрады.
Менеджмент позициясынан қарағанда кәсіпорын - техникалық, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, есеп және әкімшілік операциялары іске асатын басқару объектісі. Акционер позициясынан қарағанда кәсіпорын қызметі ең бірінші ақша қозғалысымен байланысты. Мемлекет үшін кәсіпорын - бүл елдің микроэкономикалық потенциалы. Үй шаруашылығы арқылы қоғамдық өндірістің әлеуметтік мақсаттары жүзеге асырылады. Әсіресе, бүл отбасылық тұтыну бөлігіне, жаңа буын тәрбиесі бағытына қатысты.
2.2 Дағдарысқа қарсы басқару кезеңіндегі мемлекеттің ролі
Нарықтық экономика - бүл өзіндік мақсат емес, ол құрал. Сондықтан мемлекет күшін, бар ғылыми-техникалық және өндіріс потенциалына, адам қорын сақтауға, реформаны кең әлеуметтік қолдауымен қамтуды максималды пайдалануға бағытталған жолдарды іздеуге жұмылдырылуы тиіс.
2.3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері
Мемлекет өзінің басқару функцияларын бірнеше салаларда жүзеге асырады. Біріншіден, бүл мемлекеттің құзырындағы кәсіпорындарда жүзеге асады. Оларды басқаруды ұйымдастыру мүліктік кешен сияқты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру министрлігі іске асырады.Өндірістегі оперативті басшылық (басқару) салалық министрліктер мен ведомстваларға жүктелді. Функцияларды бұлай болу көптеген проблемаларды туғызды, олар негізінде кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында құрылған.
Екіншіден, бұл жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындарда мемлекеттің акциялық үлесі сатуға жатпайды және олар мемлекет тарапынан әсер ету объектісі болып табылады. Бұл кәсіпорынның басқару органдарына мемлекет өкілдерін қосу арқылы жүзеге асады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысың бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бүл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.