Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы


Жоспар
Кіріспе 3
1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы 5
2.Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері 8
3. Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары 12
4. Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері 27
Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиеттер 36

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты. Қандай да бір істі бастағанда оның белгілі бір көздеген мақсаты болады. Менің «Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы» тақырыбындағы курстық жұмысының мақсаты өндірістегі ахуал мен жағдайларды әр қырынан қарастырып, олардың әлеуметтік, психологиялық моральдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері. Өндіріс – мемлекет экономикасының өрлеп, алға басуының негізгі көзі. Сондықтан менің курстық жұмысым өндірісті жандандырудың негізі болып табылатын бірнеше факторлардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, өндіріс басшысының ұжымдағы психологиялық ахуалды реттеудегі және өндірісті тиімді ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігінің мазмұнын жан-жақта қарастыруды міндеттейді.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тақырыпта келтіргендей ұжымдағы өндірісті өнімділігін арттырып, дамытуда ондағы психологиялық аспектілердің зор ықпалын танытатын деректемелер тақырыптық өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың әдістемелік негіздері. Мен курстық жұмысымды психологиялық, педагогикалық әдістемелерді негізге ала отырып орындадым. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі 4 бөлімнен тұрады:
1). өндірістік ұжымның әлеуметтік – психологиялық ахуалы;
2) ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері;
3) өндіріс ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары;
4) өндірістік ұжымдағы талас – тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері. Жұмысты орындау барысында мен Платон, Рубинштейн сынды зерттеуші ғалымдардың ұжым туралы еңбектерін әдістеме ретінде қолдандым және өндірістік ұжымда психологиялық ахуалды жақсарту үшін саналылықтың, білімділіктің, жауапкершіліктің және басқа да адами қасиеттер мен табиғи, кәсібі қабілеттің қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше психологиялық мазмұнды нақты мәліметтермен тақырыпты толықтырдым.

1. Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың шығарған өнімдеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отырғандығы мәлім. Еңбек ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауларына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, ұжым жетекшісі мен олардың мүшелерінің арасындағы жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен жоспарланған істерді жүзеге асыру үшін әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуді талап етеді. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселелердің бірі – адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.
Ұжым мүшелері арасында рухани, адамгершілік, психологиялық басқа да қасиеттерінің алмасуының арқасында әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасады.

2.Ұжымдық қатынастар және оның психологиялық негіздері
Адам ақыл иесі саналы жан ретінде әлеуметтік ортада, қоғамдық жағдайда өмір сүреді. Әлеуметтік орта адамдардың өзара қарым-қатынасынан тұратын қоғам. Әрбір адамның әлеуметтік ортаға, қоғамға деген қатынасын, оған деген көңіл-күйін білдіруі - әлеуметтік психологияның зерттейтін мәселесі болып саналады. Осы принципке сүйене отырып адамдардың белгілі топтарға бөлінуін, сол топтардың қоғам өміріндегі тіршілік бейнесін қарым-қатынас жасауы арқылы жүзеге асыру жолдарын психологиялық тұрғыдан қарастырып, оның мән-жайын ашып көрсетуіміз керек.
Ұжымдағы көптеген мәселелердің мазмұнының, түрлерінің, мақсатының өзіндік сипаттары, ерекшеліктері және алуан түрлі өзгешеліктері бар. Кез келген әрбір ұжымда жетекшілер мен бағынушылар болатыны мәлім. Ұжымдағы адамдарды басқарып, олардың іс-әрекеттерін басқарып, белгілі ізге салып отыру жетекшілердің міндеті. Мұндай жәйт оркестрді басқарып отыратын дирижердің қызметі сияқты. Қоғамдық өмірде, өнеркәсіп орнымен өзге де еңбек ұйымында әрбір адамның атқаратын кызметі өзіндік рөлі болатыны мәлім. Мұндай ұжымдық тірлікте олардың бірі жетекшілік қызмет атқаратын болса, тағы біреулері — оның орынбасары не көмекшілік қызмет атқарады. Ал үшінші біреулер, әрине көпшілігі, тікелей өндірістік жұмыспен шұғылданып игіліктер жасаумен шұғылданады. Сөйтіп әлеуметтік ортада әрбір адамның. өзіндік орны мен қоғамдық қызметі болады. Мұндай әлеуметтік тіршілік бейнесі адамның. жеке басына тән даралық қабілеті мен іскерлігіне, өмір тәжірибесіне байланысты.

3. Өндірістік ұжымын басқару және жетекшінің тұлғалық сипаттары
Адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың өзекті мәселелері қатарына жетекші қызметкердің жеке басына тән қадір-қасиеті мен оған қойылатын талап-тілектер:
1. Жетекшілік қызмет атқаратын адамның беделі мен психологиялық сипаты ең алдымен, оның өзінің қарамағындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың ісін, уақытын, адами қасиеттерін бағалай білуі. Сондай-ақ жетекшінің уақытын дұрыс пайдалануы — еңбек ету мәдениетінің ұнамды қасиеті. Шетелдік мамандардың уақытын дұрыс пайдалана білу тәжірибесінен де үлгі аларлық жәйттері бар. Мысалы, АҚШ-тың жетекші қызметкерлерінде келушілерді қабылдауында кезек күту деген жәйттері жиі кездесе бермейді. Қабылдау кезіндегі келуші адамдарды дер кезінде мұқтаж істерін шешуге уақытты барынша үнемді пайдалану дәстүрі қалыптасқан. Егер жетекші қабылдауға келетін кісілердің уақытын босқа жібермеуі үшін хатшы оларға күн ілгері хабарлап отырады. Қабылдау кезінде сөйлесуші кісінің ісі толық қанағаттандырылмайтын болса, оған басқа бір мезгіл белгіленіп, қабылдауға келген өзге адамдарға бөгет жасалмайды.

4. Өндірістік ұжымдағы талас-тартысты мәселелерді шешудің психологиялық ерекшеліктері
Еңбек ұжымы мен мекеме қызметкерлері арасындағы талас-тартыстар мен дау-дамай. Кез келген ұжым мен мекемеде, өндіріс орындарында түрлі себептерге байланысты дау-дамай болып отыратындығы мәлім. Бұл мәселені психология ғылымы адамдар мен көпшілік арасындағы қарым-қатынаста психологиялық ахуалдың жағымсыз көріністері деп санап, оны өз алдына бөліп қарастырады.
Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас-тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат-мүдделерінің, көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлық ерекшеліктерінің қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал дау-дамайлы ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байланысты екенін аңғартады. Дау-дамай әсіресе жеке адамдардың өзара жалпы тіл тауып, түсінсе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері мен көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай-ақ дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік мінез-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінуіміз керек. Дегенмен, дау-дамайлардың жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатынын атап айтуға тиіспіз.

Қорытынды
Халқымызда «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» дейтін мәтел адамдардың тілдесіп өзара түсіністігін тұжырымдап жеткізген халық даналығының ұлағатты үлгісі болса керек. Мақал мен мәтел болмыстың шындығын бейнелеп, істің ақиқаттылығына көз жеткізетін, дәлел - дәйекті қажет етпейтін шындықтың өлшемі (эталоны).
Осы бағытта ақыл тегі адамның бірімен-бірі тілдесіп пікір алысуы, өз ойын өзгелерге жеткізіп бірлесе тірлік етуі табиғаттың адамға сыйлаған дарыны арқылы жүзеге асады.
Еңбекте адам арасындағы қарым-қатынас жасап түсіне білудің өзекті мәселелері болып саналатын жетекші қызметкер мен болушылардың қарамағындағы адамдармен тіл табысып, жетісті еңбек ету. Мұндай табысқа қол жеткізу адамның мінез құлқын, жалпы психологиялық сыр сипатына тәуелді болатындығын көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 1995.
2. Құдиярова А. Қарым-қатынас психологиясы. - Алматы, 2006.
3. Әбеуова Ә. Әлеуметтік психология. Алматы, 2001.
4. Инженерлік енбектің социологиясы. Сыдықов У.Е. - Алматы,2005.
5. Сәбет Бап-баба. Жалпы психология. Алматы, 2003.
6. Жарықбаев Қ. Жантау негіздері. Алматы, 2002.