Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Полный просмотр работы

Қаржылық жоспарлау

Жоспар
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері 3
2. Қаржылық көрсеткіштер 17

1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді жене тепе-тендік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Индикативтік жоспар — мемлекетті әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асыру .міндетті іс-шараларды, елдің әлеуметік экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштсрін (индикаторларын) тізбесін қамтитын құжат.
Индикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекетті әлеуметтік-экономикалык саясатты айкындайды.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезіңде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметгік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және зандық жоспарларды, тәуекеділікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды — өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша жасайды.

2. Қаржылық көрсеткіштер
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметгі жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экокномикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қаты-настарының элементін бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады: