Тіл біткен жүрер менің атымды атап…
Поэзия-сәулелі ұлы Күндей,
Ұлы әлем жүрегінің діріліндей.
Ш. Сәриев
А.С.Пушкин Қазақстандағы (әлемдегі) ең көп оқылатын және үлкен құрметке бөленген орыс ақындарының бірі және солай болып қала да береді. Оның аса танымал екендігін куәландыратын деректер өте мол. Пушкин шығармаларының аудармалары (соңғы деректер бойынша 1917 жылдан бастап жүзден аса шет ел тілінде басылып шыққан), басылымдары, ол туралы мақалалар мен монографиялар, спектакльдер, концерттер, кинофильмдер, теле және радиохабарлар, әдеби кештер, өлең оқушылар сайысы, мұражай экспонаттары, картиналар, сувенирлер… Міне, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Бөлімге қойылатын әдебиеттер «Пушкин - Қазақстанда» тақырыбын қамтымақ. Бұл тарихи құжаттар, мәліметтер, сирек фотосуреттер, ақын жазбалары, Оралдың қазіргі өзгерістері.
Сонау 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкиннің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп қазақтың кең сахарасына ең алғаш қадам бастырған Абайдан бастап ақын шығармаларын қазақ оқушысына өз тілінде таныстырып келе жатқан сөз сүлейлерінің жинақтары осы бөлімде шоғырланады. Әдебиеттер тізімін құрал соңында берілген «Пушкин аудармалары» қосымшасынан қараңыз.
Көрменің үлкен табыспен өтуін сондай-ақ әрбір бөлімнің суретті материалдармен, альбом-буклеттермен, кітап іші суреттерімен, фото-көшірмелер және сурет өнері қайраткерлерінің картиналарының репродукцияларымен безендірілуі қамтамасыз етеді.