Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Топырақтың маңыздылығы

Тип: Реферат

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Топырақтың маңыздылығы

Үстірт (Маңқыстау)
Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен

Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр.

Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады.

Маңғыстаудың аласа таулы шөлі
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.