Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 8 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

ЖОСПАР

1 АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР 3
1.1 АНЫҚТАМА 3
1.2 МӘЛІМЕТ 5
1.3 АКТ 7
ӘДЕБИЕТТЕР 9

1 АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық-анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық-бұйрықтық сипаттағы құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.


1.1 АНЫҚТАМА

Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.

1.2 МӘЛІМЕТ

Мәлімет – белгілі бір мәселеге қатысты кеңінен ақпарат беретін құжат (ұсыныс жөніндегі мәлімет, ескерту жөніндегі мәлімет, талап жөніндегі мәлімет және т.б.).

1.3 АКТ

Акт – анықтамалық-ақпараттық құжат. Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды (құралдар жиынтығының, материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру, құжаттарды жою, апат туралы актілер және т.б.) растау үшін белгілі бір адамдар тобы жасайды. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестерден, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау және т.б.).

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ісқағаздарының үлгілері (жергілікті атқарушы органдардың құжат-
тары) / Образцы деловых бумаг (документы местных исполнительных органов). Құраст.: С.Құлманов. –Түзетіліп, толықтырып 2-ші бас. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2008. – 364 бет.